Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 519,26 теңгені құрап, бір тәулікте бірден 3,84 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Ұлттық Банктің таңертең бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 523,46 теңге, ал 1 еуро 600,04 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 519,5-522 теңге, 1 евро 602-605 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы төмендеді.
- ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 2,85%-ға төмендеп, 1 баррелі 68,51 долларды құрады.
- NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 2,73%-ға төмендеп, 1 баррелі 66,64 доллар болды.
Бұған дейін сайтымызда "Мұнай бағасы 69 долларға дейін құлдырады. Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың аяқталғаны рас па?" деген материал жарияланған болатын.