Көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін СҚО тұрғынына полицейлер айыппұл салған

Dalanews 25 қаң. 2025 10:12 1527

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері өңір тұрғынының біріне көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салып үлгерген. Оның үстінен көршілері полицияға шағымданған екен. Алайда облыстың прокурорлары осы мақсатта салынған әкімшілік айыппұлдың күшін жойды, деп жазады Dalanews.kz.

Қадағалау органы талдау шеңберінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтарды анықтапты. Нақтырақ айтсақ, прокуратураның ресми түсініктемесінде былай делінеді

"Петропавл қалалық полиция басқармасының лауазымды адамы облыс орталығының тұрғынына қатысты аталған кодекстің 1-бөлігінің 597-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтырған, яғни көлік құралын 5 минуттан артық жылытуда көрсетілген көлік құралының тұрақ ережелерін бұзу фактісі бойынша.  Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде процестік бұзушылықтарға жол берді және құқық бұзушының кінәсінің дәлелдерін таппады". 
 
Петропавл қаласы прокурорының наразылығы бойынша полиция органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды, ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғаны да нақтыланады.
 
Айта кетсек, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабынан бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын еске салады.

Бұған дейін Экология министрінің көлігін қыздырып, бөліскен тәжірибесі дау туғызып, көптің қызу талқысына түскен еді. Сондай-ақ осы тақырыпқа орай сайтымызда "55 минут тұруға да болады. Депутат көлік қыздыру мәселесінде жүргізушілерді қолдады" деген мақала жарияланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар