Freedom Inside '26

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс нәтижесін жариялады

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс нәтижесін жариялады
видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ведомствоның ресми мәліметіне сәйкес тексеріс барысында қандай да бір құқықбұзушылық белгілері анықталмаған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрлан Сабуровтың Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқан ресейлік әскери қызметкерлерге материалдық көмек көрсеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты ол Қылмыстық кодекстің 170-бабы бойынша да тексерілген. Бұл бапта 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.