Жемқорлардан тәркіленген қымбат бұйымдарды қайдан сатып алуға болады?

Көркем Алдабергенова 18 ақп. 2025 13:10 1160

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады:

‒ 4 наурыз — 15 актив,

‒ 5 наурыз — 10 актив,

‒ 6 наурыз — 36 актив,

‒ 7 наурыз — 2 актив.

Активтер ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда ұсынылады, бұл қатысушыларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады?

Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.

Қымбат лоттар 

Аукционда «ROBERTO COIN» - «Capri Plus» білезігі сатылады. Бастапқы құны: 3 364 480 теңге. Кепілдік жарна: 504 672. 

Тағы бір бұйым - «Pasquale Bruni» сақинасы.  Бастапқы құны: 3 227 715 теңге. 
Кепілдік жарнасы: 484 158.

Аукционда сатылатын «FOPE» алқасының құны: 6 700 000. теңге. 
Кепілдік жарнасы: 1 005 000. 

Айта кетейік, аукционда бұдан өзге де қымбат әшекейлер сатылмақ. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар