Алматы облысының білім басқармасы мен «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі арасында жасалған меморандум аясында 2025 жылғы 13 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылында І аймақтық Тұманбай Молдағалиев оқулары өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оқушыларға оның шығармаларын жатқа оқыту арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу.
Байқау Алматы облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр. Оған Тұманбай Молдағалиевтың жұбайы мен ұрпақтары, ақын-жазушылар арнайы шақырылған. Шараның салтанатты ашылуы мен көрме ұйымдастырылып, қатысушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түседі.
Оқу шарасы «ALTYN ADAM» инновациялық мектебінде өтеді, мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылы, Есік-Александровка тас жолы, 4А құрылыс.