Қарағандылықтар шұрық-тесік жолдардан әлі көз ашпай келеді

Қарағандылықтар шұрық-тесік жолдардан әлі көз ашпай келеді
Фото: видеодан скрин

Қарағандылықтар қаладағы шұрық-тесік жолдарға қатысты шағымын жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде кезекті видео таралып, онда көліктің үлкен шұңқырға түсіп зақымданғаны көрсетілген.

Қала тұрғындарының айтуынша, мәселе көктем басталғалы бері өзекті болып тұр. Олардың сөзінше, шұңқырлар тіпті қаланың орталық көшелерінде де пайда болған. Бұдан бөлек, жақында ғана жөнделген жолдардың сапасына қатысты сын көбейген. Тұрғындар кей учаскелердің қайтадан бұзыла бастағанын айтады.

Осы жағдайға байланысты видео астында Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі пікір қалдырған. Ведомство мәліметінше, мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді шұғыл жою туралы нұсқама берілген.

"Анықталған ақауларды жою жұмыстары биылғы 25 мамырға дейін аяқталады", – делінген хабарламада.