Алматыда Алмасхан Ахмеджановқа үкім шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алматыны дамытуға қатысты іс бойынша кінәлі деп танылды.
Алматыда сот қала құрылысы саласындағы жемқорлыққа қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды. Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов кінәлі деп танылып, сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.
2023 жылдың шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ахмеджановтың Алматыдағы жер қатынастары саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Оған заңсыз рұқсат құжаттарын бергені үшін айып тағылып, бұл қала маңындағы таулы аймақтардың құрылысқа берілуіне және мемлекетке шамамен 500 миллион теңге залал келтіруіне себеп болғаны айтылды.
Сот процесі барысында Ахмеджановтың қамауға алынған кезде ота жасатқанын және оңалтуды қажет еткенін, алайда тергеу изоляторында оған қажетті медициналық көмек көрсетілмегені анықталды.