Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді

Көркем Алдабергенова 11 нау. 2025 15:41 519

Мемлекет басшысы президент әкімшілігінде ауыс-түйістер жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Енді бұл қызметті Абзал Нүкенов атқарады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар,президенттің өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар