Астанада толассыз жауған қар мен көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Наурыздың 11-і мен 12-сі аралығындағы түнгі ауысымда қар тазалау жұмысына 444 жол қызметкері мен 1808 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
11 наурызда коммуналдық қызметтер 4199 ауыр жүк көлігімен қаладан 56 727 текше метр қар шығарды.
Қыс мезгілігің басынан бері 584 773 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдарда абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауға шақырды.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.