Жаңа Салық кодексі еңбекақы қорына түсетін жүктемені арттырып, жұмыссыздықтың өсіміне жол береді - сарапшы

Кәмшат Тілеухан 27 мау. 2025 11:34

Экономист және Uchet.kz-ның құрылтайшсы Максим Барышев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюында жатқан жаңа Салық кодексіне қатысты Мемлекет басшысына жүгінді. Ол мұны банкроттыққа, жұмыссыздар өсіміне және экономикалық тоқырауға қарай жасалған қадам деп санайды,  деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы экономист LS басылымына берген сұқбатында айтты.

Барышев қосымша құн салығын (ҚҚС) 16%-ға дейін өсуіне және еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеменің артуына байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол мұндай жағдай бизнесті банкроттыққа, жұмыссыздар санының артуына және экономиканың тоқырауына әкеліп соғатынын ескертеді.

"ҚҚС 16%-ға дейін артады, еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме өте жоғары болады, оның ішінде ОПВР мен МӘМС 40% - дан астамын құрайды. Бизнес көбірек салық төлейтін болады және дамуға ақша қалмайды", дейді экономист.

Сондай-ақ ол аванстық төлемдерге де назар аударды. Оның айтуынша, ҚҚС-ты алдын ала төлеу деген абсурд.

"Сонда тауарды сатқанға дейін салық төлейсіз бе? Бұл шағын бизнес пен өндірісті «өлтіріп тынады», өйткені оларда салынған ақшаның өтеу циклі ұзақмерзімге ие әрі алатын маржасы да мардымсыз. ҚҚС-ты алдын ала төлеу жанама салық ретінде қосылған құн салығының мәніне де қайшы келеді, онда төлемнің бұл түрі түпкілікті тұтынушыға артылады", – деп атап өтті Барышев.

Сондай-ақ, ол B2B сынды жеңілдікке тыйым салу 200 мыңнан астам бизнес үшін қатаң үкім болады, олар ары қарай жұмыс істей алмайды деп санайды. Бұл жалдау, қызмет көрсету, шағын өндіріспен айналысатындарға әсер етеді. Салдарынан Барышевтің айтуынша, бұл ел ішіндегі жеткізу тізбегінің бұзылуына әкеліп соғады.

"Миллионға дейінгі жұмыс орындарына қауіп төніп тұр. Біз жеңілдіктер сұрап отырға отырғанымыз жоқ. Біз ақылға қонымды шешімдер қабылдауды сұраймыз: ҚҚС мөлшерлемесін күрт көтермеуді, ол бойынша алдын ала төлем жасауды болдырмауды, оңайлы жолмен жұмыс істейтіндерге B2B жеңілдігін сақтауды дегендей", дейді ол Мемлекет басшысына.

Экономит Президент бизнестің артып отырған соңғы үміті екенін атап өтті. Қазір құжат Мемлекет басшысының алдында жатыр.

2025 жылғы 25 маусымда ҚР Парламенті жаңа Салық кодексін қабылдады. Құжатқа сәйкес, ҚҚС салалар бойынша дифференциялды ықтималдылықта 12%-дан 16%-ға дейін көтерілмек. Мәселен, фермерлер үшін ҚҚС есепке алу үлесі 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және медициналық қызметтер үшін 2026 жылдан бастап ҚҚС-тің төмендетілген мөлшерлемесі 5%, 2027 жылдан бастап 10% көлемінде енгізіледі.

Айта кетсек,бұған дейін сайтымызда "Қаржыгер-маман: Жаңа Салық кодексін Мемлекет басшысы қабылдамай тастауы да мүмкін" деген мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ бізден "Қабылданбай жатып, қайта өзгеруі мүмкін": Үкімет салық реформасына күмәнмен қарай бастады" деген материалды да оқи аласыздар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар