Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыров Украина президенті Владимир Зеленскийдің атына қатаң мәлімдеме жасады. Ол Ресей президенті Владимир Путиннен немесе Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан тиісті бұйрық түссе, Зеленскийді Грозныйға жеткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Егер Жоғарғы бас қолбасшы Владимир Владимирович Путин немесе әкем бір ауыз сөз айтса, сені қай жерде болсаң да табамыз. Бұл – тек уақыт мәселесі. Біз ешқандай операция жарияламаймыз. Жай ғана барып, сені алып кетеміз", – деді Қадыров.
Адам Қадыровтың сөзінше, Зеленский Грозныйға "президент ретінде емес, әскери қылмыскер ретінде" жеткізіледі.
Бұл мәлімдеме Украина басшысының бұған дейін АҚШ-қа Рамзан Қадыровты ұстау операциясын жүргізуді ұсынған сөзіне жауап ретінде айтылған. Зеленский мұндай әрекетті Вашингтонның Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроға қатысты қадамдарымен салыстырған.