Саян Мұратұлы Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Балқаш қаласының әкімі болып Саян Мұратұлы тағайындалды», – деп мәлімдейді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Саян Мұратұлы мемлекеттік басқару жүйесінде 2015 жылдан бері еңбек етеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман қызметінен бастаған.
Кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы болып жұмыс істеген.
2022-2024 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған.