"Президенттің парламенттегі соңғы сөзі халыққа жеңілдік сезімін сыйлады. Енді парламент пен үкімет оның барлық үндеуін тез арада дәл әрі толығымен орындауы керек. Ең алдымен Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмірінің соңына дейінгі төрағалығын алып тастау қажет болған және бүгін ол орындалды. Президент Мәжілістің бұл тарихи шешім қабылдауына қатысты", - деді Қанат Нұров.
Депутаттың сөзінше, "Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы жайлы", "Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы" және "Қауіпсіздік кеңесі жайлы" Конституциялық заңдарға енгізілетін өзгерістер Сенатқа жолданған.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы экономикалық монополияны жойып, пайдалы қазбалар экспортына байланысты қаржы-валюта ағымын реттеу керек екенін айтты.
"Бізге барынша көп адамның мүлкін тартып алуға емес, экономика мен саясатты реттеуге тырысу керек. Егер біреу бір нәрсені ұрлап кетсе, мұнымен сот шұғылдансын. Басшылықта отырғандар әділ әрі қоғам бақылауында болу керек. Сонымен қатар бізге уақытында тоқтап үйрену қажет", - деп қосты ол.
Қанат Нұров тұлғалар арасында заңдық тепе-теңдік керегін мәлімдеді. Үкімет сот алдында әр жеке азаматпен тең құқылы болуы керек деп есептейді ол.
"Бізге әлеуметтік теңдік керек емес. Біз мұны өтіп кеткенбіз. Байлықпен емес, кедейлікпен күресейік. Қарапайым адам бай адамға қызыға қарамайтындай болуы қажет. Емін-еркін жұмыстан шығып, басқа жерге ауысып немесе жәрдемақыға күн көре алуы қажет. Отбасын асырау үшін есерсоқтар мен өзге адамдардың бұйрығын орындамауы керек”, – деп қосты ол.
Президент құқық қорғау органдарын әр тұтқынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған еді. Қанат Нұров ел басшысының бұл үндеуін қолдайтынын айтты.
"Біз өзіміздің елдігіміздің қауіпсіздігін осы үшін қорғадық. Мұнда жеңгендер жоқ, ешкім ештеңені жоғалтпауы керек. Конституциялық құқықты қорғау осындай қиын кезеңде жалпыға ортақ жалғыз құндылық болып отыр. Бұл сәулені өшіріп алмауымыз қажет", - деп жазды ол өз Facebook парақшасында.