Бұл жоғары деңгейдегі кездесулер гендерлік аспектілерді ескере отырып, ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудегі соңғы жаңалықтарды, өзгерістер мен үздік тәжірибелерін талқылау үшін диалог алаңына айналды. Ұлттық жоспарлау және бюджеттеу жүйесінде гендерлік әдістерді енгізудің практикалық тәсілдеріне көп көңіл бөлінді.
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі өкілдері Австрия Федералды қаржы министрлігімен, Федералды әйелдер, отбасы және жастар істері жөніндегі министрлігімен, Федералды мемлекеттік қызмет және спорт министрлігімен, Австрия Республикасының Парламентінің бюджеттік бюросымен, Австрия экономикалық зерттеулер институтымен бірқатар екі жақты кездесулерге қатысты.
Қазақстандық тарапқа осы тұрғыда австриялық мемлекеттік органдар құзыреті шеңберінде гендерлік әсерді бағалау жүйесі, ұлттық жоспарлау гендерлік мәселелерді интеграциялау процесі, гендерлік бюджеттеудің жалпы саясаты мен стратегиясына қатысты ақпарат берілді. Кездесу барысында Қазақстан делегациясы, сондай-ақ орталық атқарушы билік деңгейінде Австрия Республикасының Конституциясына және ведомствоаралық жұмыс тобымен бекітілген гендерлік теңдік үшін олардың саясат, бағдарламалар мен бюджеттердің сәйкес мемлекеттік органдардың аудит жүргізетін аудиторлық австриялық соттың жұмысымен, қолданыстағы заңнамалық бастамалар мен жобалармен танысты.
«Австриялық тәжірибе гендерлік бюджеттеу елдегі гендерлік саясатты насихаттаудың бастапқы нүктесі болғандығымен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алғанда, аталған оқу сапары шеңберінде алған білім, серіктестік қарым-қатынастар Қазақстанда гендерлік бағдарланған бюджеттеуді дамытуға және енгізуге серпін беру үшін өте маңызды», – деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Төрағасының орынбасары Елена Тарасенко.
Бұл оқу сапары Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен гендерлік бағдарланған жоспарлау және бюджеттеудің ұлттық жүйесін нығайту жөніндегі жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Бұл бастаманың іске асырылуы мемлекеттік бағдарламаларға, жоспарлар мен бюджет жүйесіне гендерлік аспектілерін енгізуге оң әсерін тигізуге, қазақстандық қоғамның әр мүшесінің мүдделерін, мүмкіндіктері мен құқықтарын ескере отырып, олардың ашықтығы мен тиімділігін арттырады деп күтілуде.