"Ғасырдан да ұзақ күн"

Dalanews 24 қаң. 2015 04:52 1031

Назым ПЕРНЕ
b1vБасқа қалада қалай екенін білмедім, Алматыдағы күнің кезек күтумен өтеді. Бар шаруаң қағазбен және сол қағазға сүйкелетін пәрменді қолмен бітетіндіктен, амалдың жоқтығынан ұзын сонар нөпірге қосыласың. Екі-үш сағат телміру оңай ма, іші пысқан жұрт бір-бірімен оны-мұны сөз етісіп, уақыт өлтіруге көшеді. Мұндайда тіл қатысудың өзі бір қызық. Басқа жұрттың кемпір-шалдары өмірге деген өкпе-наласын айта бастайды, әлбетте биліктегілерді кінәлайды.

Көбінесе бұл сарындағы әңгіме жалғасын таба бермейді. Тастай қатқан эмоциясыз жүздерде «әдеттегі гөй-гөйіне басты» деген салқынқандылық тұрады. Іштей жаратпай да отыруы әбден мүмкін. Өз басым анық жаратпаймын. Итіне дейін пәтері бар, итінен артылған үйіне баспанасыз қазақтар тапқанымызды санап береміз, сонда бұларға не жетпейді екен?! Наны мен сүтін әкеп беруге жарамайтын, кәрі сүйегін сүйреткізіп пәтерақысын өзіне төлеткізетін туған баласы тасбауыр болса, жазықтыны неліктен сырттан іздейді? Одан қалса өздеріне ешқандай қатысы болмаса да, кіріспейтін жерге кірісіп, жағаласып жүргендері. Қолымдағы кезегімнің нөмірі жазылған тілдей қағазға тіміскіліне көз тастаған ақбас шалдың бірдеңе деуге ұмсынғанын сезіп, бейне оны баяғыдан бері байқамағандай, тас боп отыра бердім. Жер бетіндегі адамзаттан ақылды, сонысымен өздерін өзге жұрттан ылғи жоғары қоятын мінезіне тағы да салмақшы ғой. Қараптан қарап нәпсім ойнап, ашуға ерік бере бастадым. Дегенмен де, титтей де болса шындық бар. Бұлар бекерден бекер ақылсына бермейді, демек бір білгені бар ғой. Бұрқ ете қалған ашу сабырға мойынсұнушы ма еді, бойға жайылып үлгереді емес пе әп-сәтте. «Бойжеткен, сіздің кезегіңіз келген жоқ. Әлі бір сағат күтесіз». Табалай күледі. Күлкісі қытығыма тиді. Бір сағаттан бері отырғанда, тағы бір сағат күткені несі. Есі дұрыс па? Сосын неменеге күледі? Күлетін нәрсе ме? Таблоға қарасам, «669» нөмірін көрсетіп тұр. Менің қағазымда «672». «Неге?» дедім ызғарлана. «Сол. Сіздің кезегіңізге әлі бір сағат бар». Тағы да жынға тие күлді. Осы жолы бойды жайлаған ашу, ыза, нәпсі атаулы жүгеннен босап, сыртқа лап ете қалды. «Бізді банктың есігін өмірінде бірінші рет ашып отыр дейсіз бе?» Бетіне мысқылдай қарадым. Алайда, адам тілмен жеткізе алмайтын ұшқырлықпен оңбай жеңілгенімді түсініп те үлгердім. Өкініш пен ұят қоса жармасып, өлтіріп барады. Табалаған күлкінің даусы күшейіп, арпалысқан түрлі сезімдердің жынын қоздырып шалекең отыр...
Қазағы бар, орысы бар - айналам толған қарттар. Басым көпшілігінде түр жоқ. Кәдімгі қариялық келбет жоқ. Алпыстың орта шеніне, жетпіске кеп қалған қалалық қазақ апалардың қылдай боп жұлынған қоп-қоңыр қасы, жұлма-жұлмасы шыққан қысқа, сұйық шашы (оның жұлмасы шығатын болса, несіне қысқартады екен деген ой да қылаң береді), ерніндегі түсі тозған сарғылт, әлде қызғыш бояуды көргенде, онсыз да күздің сүреңсіз сұрғылт күні жабырқатқан көңіл сұмдық құлазиды екен.

sbrfСөйткенше болған жоқ, әбілет басқыр «672» жарқ ете қалды. Орнымнан атыла бергенім сол еді, орыс қария терезенің алдында шаруасына кірісіп жатыр. Бейғам түрінде ештеңеге алақтап, жалтақтау жоқ. Бір сағаттан аса күткенде, айналадағы кілең кемпір-шалдардың ұзақ, тым ұзақ қимылсыз отырғандарына таңданып едім. Мисыздық дегенді қойсаңшы. Пәтерақы төлейтін кез. Жұмысы жоқ зейнеткерлер отыра береді ғой деп, алдымен үкіметке қажетті салық қағаздарын жіберетін жүйе енгізген шығар деп банк қызметкерлеріне іштей көл-көсір алғыс жаудырған мәз көңіл күйімнің тас-талқаны шықты ғой. Сол мисыздығыма «шоқ-шоқ, бәлем» деп мына ақсақал қоймайды қорлауын. «Банкте бірінші рет емеспіз деп» әуелі өзіме дүрсе қоя бердіңіз ғой». «Егер де сіз менің білместігіме шын жаныңыз ашыса, адамның намысына тиіп, күле берместен түсіндірер едіңіз. Адам көптіктен бірнеше айналым болатынын айтар едіңіз бірден. Жанашырлық емес, адамның нәпсісіне тиіп, жүйкесін тексеру ғана ойыңыз». Түк болмағандай жайбарақат жауап қайтарған болдым. Сырттай сыр білдірмегенсідім. Сөзімді де доғара қойдым. Егер тілге ерік берілсе, екеуміздің қағытпамыздың масштабы кеңейіп, ұлттық намысымызға жетуі де әбден мүмкін еді.
Құдай қарасқанда, атайдың кезегі келіп, шляпасын көтеріп, жымия қоштасты. «Голливудтық жымиысымның» аса өңсіздігіне қарамастан, мен де жарқылдай бас изедім. Тіпті жүзім жайнап та кетті.
Қазағы бар, орысы бар - айналам толған қарттар. Басым көпшілігінде түр жоқ. Кәдімгі қариялық келбет жоқ. Алпыстың орта шеніне, жетпіске кеп қалған қалалық қазақ апалардың қылдай боп жұлынған қоп-қоңыр қасы, жұлма-жұлмасы шыққан қысқа, сұйық шашы (оның жұлмасы шығатын болса, несіне қысқартады екен деген ой да қылаң береді), ерніндегі түсі тозған сарғылт, әлде қызғыш бояуды көргенде, онсыз да күздің сүреңсіз сұрғылт күні жабырқатқан көңіл сұмдық құлазиды екен. Орысша акцентпен мемлекеттік тілде үн қатса тіпті жаман. ...Қазақ аналарының символы, һәм ажары ақ жаулықты көзің шалып қалса, біртүрлі марқайып қаласың, шолтаңдаған шалбарына мән де бермейсің. Өйткені анадайдан менмұндалаған сұлу жаулық ана мейірімін шашып тұрады айналасына.
«Сен түсіндірмесең, өмір бойы түсінбей қалатындай әбден жалпылдадың ғой. Соның орнында қыз болса, өмірі өйтіп жалбақтамаушы едің, ә!» Ажары мен жаулығы аппақ апаға сүйсініп, елжіреген көңілдің арыны су сепкендей басылды да қалды. Шаңқылдаған дауыс баласындай баланың абыройын төгуге бел байлағандай қоятын емес. Үсті-үстіне төпелеп, байғұс өрімдей қызды шырылдатады. «Апай, білмей жатса қайтем енді». «Иә, жігітке қалайда жалпылдап қаласыңдар ғой!» Күйіп кеткен бойжеткеннің ақталғандағысы ғой: «Апай, ол менен кіші!» деп шар ете қалды. «Замолчи и работай!» Жүрекке қарш еткізе пышақ сұққандай, сұмдық жаман күйге түстім.
Жылдар бойы анаңыздан алыста жүрген кезіңізді еске түсіріңізші. Жан баласына көрсетпестен, оймен анаңыздың құшағында құса сағыныштың тізгінін жіберіп солқылдайсыз ғой. Жасқа лайықты келбетке ие болудың өзінде талай ғибрат жатыр екен-ау ойласаң. Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесіндегі» Момын шал мен немересінің табиғи болмыстары осы сөзімізді растайтындай.

Егер де киім киісі замануи, жасы қырықтарға кеп қалған келіншек, яки кәрі қыз солқылдаған жап-жас сұлуды көпшіліктің алдында мына кісідей жерден алып, жерге салып жатса, тура осылай қынжылмас едім. Әйелдік осалдыққа тели саласың бар-жоғы. Қалалық қазақ апалардан осындай қазақылыққа жат бір мінезді жиі көріп қала берем. Өміріне ызалы өзге жұрттың кемпірлерінің күншілдік ғадеттерін бойға сіңіргенде не ұтады екен?! Қынжылған оймен айналама тағы да көз жібердім. Бала күннен таныс бейнелер көзге оттай басылды. Етек-жеңі олпы-солпы, мол денесіне мол көйлек киген, басындағы шашақты ақ ормалының ұшы бешпентінің өңірін жапқан ауылдық әже мен екі-үш қатар алда отырған, аяғында мәсі-кебісі, үстінде сұрғылттау келген жасыл кәстөмі бар ауылдық атаны көргенде, қайтадан көңілім шуақтана бастады. Қызық. Соңғы үш-төрт жылда өзге тұрмақ өзіме беймәлім сезім иектейтін болыпты. Жасына лайық келбеті бар жандарды көріп қалсам, жүрегімде сан түрлі күйдің ноталары бір-біріне дес бермей, оның қайсысын басарымды білмей, іштей аласұрып бітем. ...Асханада тамақтанып отырғам. Қасыма елулердегі әйел жайғасты. Төбесіне жинаған шашының самай, желке тұстары аздап қобырап қапты. Онысы тотыққан қара торы жүзінің сабырлылығын, әйел затына ғана тән жылылықты еселеп тұрғандай. Түстігінің бағасы көрсетілген чекке қайта-қайта көз қиығын тастап қояды. Тапқанын баласының аузына тосатын жауаптылықтың қазақы бір көрінісі де бұл. Ал кеп көңіл күйім бұзылсын. Жақсы мағынасында. Жылдар бойы анаңыздан алыста жүрген кезіңізді еске түсіріңізші. Жан баласына көрсетпестен, оймен анаңыздың құшағында құса сағыныштың тізгінін жіберіп солқылдайсыз ғой. Жасқа лайықты келбетке ие болудың өзінде талай ғибрат жатыр екен-ау ойласаң. Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесіндегі» Момын шал мен немересінің табиғи болмыстары осы сөзімізді растайтындай.
Айтматовтың бұл кейіпкерлерін жасық демес едім. Мейлі, алқаш, есерсоқ, озбыр күйеу баласы қайын атасын таяққа жығып қорласа да. Қарт пен бала шын мұсылман, нағыз қырғыз. Мұсылмандықты жайлы мінез, момындық деп түсінсек, мінекей соның көркем үлгісі. Соншалықты көнбістік оқушының ішкі әлеміндегі қатыбас аяусыздықтардың тоңын ерітіп, сыртқа сел қып шығарады. Ата мен немереге ортақ аяулы сенімнің пәктігі екінің біріне бұйырмаған тазалықты, шалға шал, балаға бала түр сыйлаған. Бірақ... Қасіреті сол біз момын болудан өлердей қорқамыз. Ішкі қорқыныш түрлі комплексті қорғануларға бойұрдырады. Құртақандай ғана бес жасар баланың өзінен бар болғаны төрт-бес ай кіші қатарласының тіл алмайтынын айтып «кісімсиді». Әке-шешесінің «сен одан үлкенсің, сені тыңдау керек» дегенін қағып алғаны. Қазір ұлттық тәрбиелер тоталиатрлық амбицияға айналып барады. Бәрі бір-бірін жабайы түрде сыйлатқысы келеді. Сөйтеді де жасқа лайықсыз, жараспайтын кекселікке ұрынады.
...Таблоға қарасам, кезегім жақындап қалыпты. «Ғасырдан да ұзақ күн» сыйлаған банк кезегіне іштей (осы жолы шын көңілмен) разылығымды білдіріп, терезеге беттедім.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар