Есімдік және оның түрлері туралы реферет

Dalanews 29 жел. 2015 15:30 3512

Сөздерді топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып табылады. Есімдік – заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.

А. ЫсқақовЕсімдік — лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синнтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз тым табы. Есімдіктер мағынасы тым жалпы сөздер.Қазақ грамматикасы Есімдіктер – сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, санын, сынын атап көрсетпегендіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын сөздермен байланысты айқындалады.

Ә. Төлеуов Лексика-семантикалық сипаты Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық принцип басшылыққа алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына көптеген өзгешелік ерекшеліктерімен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын сөз мағыналары болып келеді. Бірақ есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі принципі олардың лексика-семантикалық белгісі дегенде, есімдіктердің өзіндік кейбір грамматикалық ерекшеліктерін сырт қалдыруға болмайды.\r\n\r\nЕсімдіктер мағынасы жағынан тым жалпы сөздер.

Есімдіктер сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. М.: мен, сен, ол, кім?не?өзі, бәрі, біреу, ештеңе. \r\n\r\nӨзіндік белгісі – олардың әрқашан субъектімен байланысты болуы. Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиетіне қатынасын көрсетуші сөздер болып табылады. Бұл қатынастар тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік т.б.болып табылады.Морфологиялық ерекшеліктері.

Есімдіктердің заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына сақтау қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады. Есімдіктер түгел алғашқы жалпы сөздер болып табылады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. М.: мен, сен жіктеу есімдіктерінен бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім?не?қай?сұрау е сімдіктерін алайық.

Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінеді.

Мен, сен, кім?не?заттық ұғымдағы сөздер заттық атаулар, бұл, сол, қай? заттық белгісі ұғымындағы сөздер – белгі атаулары болып шығады.

Мағыналық жіктер тарапынан заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, заттың белгілі ұғымындағы сөздер – атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді. Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады.

Есімдіктерді өзге сөз таптарынан бөліп, жеке даралап тұратын морфологиялық ерекше белгісі – есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі бір формалар немесе өзгеру тәсілдерінің жоқтығы.

Ерекшелігі: — Есімдіктердің көптелу және септелу жүйелерінде. Көптік мағынаны білдіруші з морфемасы(біз, сіз) және жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалатын барыс септігінде пайда болатын н дыбысы жатады. Бірен-саран қосымшалар арқылы жасалған кейбір көне сөздер жасалмайды(Қазақ акдемиялық грамматикасы.

Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болған. Біреу сөзі бір және –еу қосымшасынан құралған. Әр есімдігі «һәр» деген парсы сөзінен пайда болған.\r\n\r\nӘлде есімдігі араб тілінде іллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған.

Пәлен есімдігі араб тілінен енген. Бірдеңе(немесе бір-деңе), бір-неше, кейбір, кейбіреу – кейбіреу, әлдеқай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім, әрне, әрқайсы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар