Инспекция қызметінің аумағы ағындары бар Ертіс өзенінің бассейнімен, ағынсыз аймаққа кіретін өзендердің ұсақ бассейндерімен – Өлеңті, Шідерті, Ащысу және Түндікпен анықталады. Әкімшілік жоспарда ол толығымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын, Ақмола (батыста) және Қарағанды (оңтүстік-батыста) облыстарын қамтиды.
Ағымдағы жылдың 4 айында 44 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 674 өтініш қаралды. Оның ішінде: шешімін тапқаны – 492, дәлелді бас тарту алғаны – 61, түсініктеме алғаны – 86, белгілі бір негізделген себептер бойынша тоқтатылғаны – 11. Ағымдағы жылдың мамыр айының 5-ші жұлдызынан бастап жеке және заңды тұлғалардың өтініштері электрондық құжат айналымының «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеуден өтеді. Құжаттарды инспекция қызметкерлері қабылдайды немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы түседі, бұл өтініш беруші мен өтінішті қарайтын орындаушының арасындағы байланыста кедергі тудырмайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және ашық болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі соғұрлым төмен болады.
– Инспекция басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Инспекция қызметкерлері бақылау-инспекциялық тексерулер кезінде су пайдаланушылармен және су тұтынушылармен байланысатынын атап өткен жөн. Бұл біздің қызметіміздің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі. Дегенмен, мұндай тәуекелдердің болуына қарамастан инспекцияда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері тіркелген жоқ. Сондай-ақ инспекция қызметкерлерінің қандай да бір сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі инспекцияның жұмысын қанағаттанарлық деп есептеймін және сол деңгейде ұстауға тырысамыз, – дейді Мирзан Иманжанов.