Мұның сырын атақты компазитор былай деп түсіндірген еді. «Шын мәнінде, 1930 жылы 1 тамызда дүниеге келіптім. Соғыс созылып кетсе армияға алып кете ме деп, менің жасымды кішірейтіп жіберген ғой. Өйткені ол кезде 1926-27 жылдары туылғандарды соғыска ала бастаған. Оны кейін білдім, кенже ағамнан канша сұрасам да айтпай қойған. Өз ойымша, туыстарым «соғыстан ешкім қайтпаса тұқымсыз қалмыз ба» деп ойлаған болуы кеерк» дейді Ерекең өз естелігінде
Ерекеңнің өмір жол тақтайдай тегіс болады деп ешкім айта алмасы анық. 1932 жылдағы ашаршылық жылдары анасы Еркеғалиды арқалап жүріп өсірді. Сол бір зқлмат жайында «1934 жылы ашаршылық бітті. Сонда мен жолда баласын құшақтап елiп жатқан қазақтың әйелдерін көрдім, әлi есімде» дейді.
Еркеңінің әкем ақын болған. Ал 13-інші атасы Орман деген кiсiге қатысты бір аңыз бар. Орман атасы ұйықтап жатқанда түсінде ақ шалмалы адамдар келіп аян беріпті: «Ореке, мал аласың ба, өлең аласын ба?» деп сұрағанда, тентек шал: «Малды не қылайын, боқ-боқ болып малға малынып жүремін бе, берсең өлеңіңді бер» депті.
Содан бері Еркеғали Рахмадиевтің тұқымда не бiр ақын әншілер өмірге келген ғой. Бірақ Ерекеңнің үш баласының біреуі де музыкаға бармаған. Ортаншы қызым режиссерлікке түскен. Ал ұлым – мүсінші. Әнші болмаса да Ерекеңнің ұл-қыздары өнердің айналасында еңбек етіп келеді.
Кеңес өкіметі кезінде Ерекең «Құдайсыздар коғамға» мүше қылып кабылдайды. Бала Еркеғали үйге келсе, әкесі намаз оқып отырды.
– Аға, мен «Құдайсыздар коғамына» мүше болдым, – деп кітапшасын көрсетеді. Бірақ әкесі намаздан басын алмай, үндемей отырды. Содан бір уақытта намаз оқып болып, керегеге жайнамазын iлдi, сосын камшыны алды да:
– Балам, не дедiн жаңа? – дегенде Ерекең мақтанышпен «Кұдайсыздар қоғамына» мүше болып келдім» дейді. Содан әкесі киiз үйдің есігін жауып, шықпыртып сабайды. Ары қашып, бері қашып, бір уақытта әйтеуір кұтылыпқұтылады.
Ертенiнде менi мектепке жетектеп алып барды. Ол уақытта бәрі рулас, ауылдас, қандас болатын. Мектептің директоры да өзіміздің елдің азаматы болу керек. Әкем оған: «Менің молда екенiмдi бiлесiң, баламды өзiме қарсы қойғаның не, енді бұл мектепте оқымайды» деп алып кетті.
Бiр ай бойы менi үйге қамап қойды. Сосын Лепсіден райкомның бірінші хатшысы келіп әкемнен кешірім сұрады, «білместік жасаған екен, баланы оқудан қалдырманыз» деді. Содан мектепке қайта бардым, – дейді Ерекең. .
Мұқан Төлебаевтың туған жері – Үлгi колхозы. Екеумiз бір ауданнанбыз, көршілес екі колхозданбыз. Жасырақ кезімде қалжындасқым келгенде «Кеңес өкіметінде екі бірдей «Халық әртісі» шыққан аудан түгіл, облыс жоқ» дейтінмін. Сол Үлгіден келiп оқимыз, колхоз үш шақырымдай жерде, киетін киiм жоқ. Соғыстың кезі. Үстімізде тері шалбар, тері тон, салдыр-гүлдір жүреміз. Әкемнің тете iнiсi бар еді, мен солардың қолында тұрдым, әкем кой бағып кетті. Сол үйдегi шешем таңғы сағат алтыда тұрады да, әр қалтама бір уыстан жүгері салып береді, «мына калтаңдағыны барғанша же, ал мына қал тандағыны қайтқанда жейсің, әйтпесе қарның ашып қалады» дейтін. Сол мектепке жеткенше бір сағаттан артық уақыт өтіп кетеді.
Біреулер ішкен-жегеніне бақытты болады, біреулер жұмыста бақытты болады. Ал маған қай жерде жүрсем де, қазақтың балалары амандасып жатады. Әртүрлі адамдар бар, әртүрлі мінез-құлық бар, шындығым сол, ешкiмге қиянат жасағаным жоқ. Таза еңбегіммен, таза талантыммен жететiн жерiме жеттім. Осы өзім үшін нағыз құндылық деп ойлаймын.
1957 жылы консерваторияны бітірдім, оның алдында музыкалык училищеде оқығам. Латиф Хамиди сабақ беретін, сол кiсi мені Брусиловскийге ертiп барды.
«Бұл талантты бала, әдейі ертіп келдім, осыдан бірдеңе шығады, сен класына ал» деді. Олар құрдас, замандас болатын, Брусиловский де 1905 жылы туған. 1932 жылы Ленинградтан консерватория бітіріп келген. 1937 жылғы жағдайда қазақтар шетінен ақын болып, оларды түнде келіп тұтқындап алып кетіп жатты.
Сол кездерде күн бата Брусиловскийдің үйіне жиналамыз, түнімен сонда болып, таңертең үйге қайтамыз. Бізді Құдай, Құдайдан кейін Брусиловский алып қалды ғой дейтінбіз. Оның қазаққа iстеген жаманшылығы жок. Брусиловский болмаса, бiзде опера болар ма еді, болмас па еді. Әлі күнге дейін ойлаймын, неге ол «Қыз Жібекті» жазды, 80 ән жинап, «Ер-Тарғынды» жазды.
Өзі орысша тәрбиеленген адам, Римский-Корсаков, Шостаковичпен бір уақытта бітірген. Келіп алып, операны Еуропадағыдай, орыстардағыдай жаздыртам десе, бізге опера сіңбес пе еді, кайтер еді? Мысалы, өзбектер мен тәжіктерде сол жылдары опера мүлдем құрып кетті.
Бiздiн топырақтан алғаш шыққан халық әртісі Күләш Байсейітова ол кезде 24 жаста еді. Күлекең керемет әншiлiгiмен бiрге ұлы актриса болатын. Күләштің Күләштігі сонда тұр. Қыз Жiбектi сомдағанда тастан құлайтыны бар, сондагы жылағанын естiгенде залда отырғандар қоса еңкiлдеп жылайтын.
Бiр күнi жұмыска ертерек келiп, кластарды тексеріп жүрсем, бір бала тұр екен. «Мен Атыраудан оқуға келiп едiм, домбырамен күй ойнаймын» дейді. Содан Факультеттің деканы Көш Мұхитовты, Ғабидолла Дастановты, Батима Балғаеваны шақырттым, жаңағы бала домбыраны керемет тартып берді. «Обалына калмандар, сонау жақтан келген бала екен, ертең елге жақсы азамат болып, өнерін танытады» деп кетейiн деп тұрған жерінен алып қалдым. Кейiн сол Қаршыға Ахмедьяровпен мақтанбаған қазақ болмаған шығар.