Кадрлар іздеп жүрген 60-тан астам жұмыс беруші мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Бұл – өнеркәсіп, туризм және сауда саласындағы ірі бизнес өкілдері.
Жастар мен оқу орындарының түлектері үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, жұмыс берушілерге лайықты кандидаттарды жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, білім беру және жастар саясаты басқармаларымен, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
– Біз жәрмеңкеге екінші рет қатысып отырмыз. Мұндай іс-шаралар өте қажет. Қарым-қатынас адамды түсінуге және көруге мүмкіндік береді. Түйіндеме жібере салғаннан гөрі тараптардың бір-бірімен сұхбаттасуы маңызды. Жұмыс іздеушілер үшін, бір жерде аз ғана уақыт ішінде бірнеше жұмыс берушіні тілдесіп, өзіне ұнаған жұмысты таңдау өте ыңғайлы. Бұл үшін екі-үш апта жұмсамай, қала бойынша сұхбатқа барыңыз болғаны. Сонымен қатар, біздің компанияға «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы өте ұнады. Ал бүгін бізге «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерге 18 ай ішінде 30 АЕК-ке дейін өзі төлейді. Осы уақыт ішінде бізде жаңадан келген қызметкердің құзыреттілігін тануға мүмкіндік бар, – деп түсіндірді "Қазақтелеком" компаниясының өкілі Ләззат Баелова.
Менеджмент және бизнес колледжінің студенті Шыңғыс Қанатов та өз әсерімен бөлісті.
– Мен бағдарламашы мамандығы бойынша білім алудамын, қазір төртінші курсқа көштім. Маған міндетті түрде дипломалды практикадан өту керек. Мен өзім сайттар арқылы орын табуға тырыстым. Өкінішке орай, олар барлық жерде бас тартты. Компаниялар практиканттарды алып, оларды оқытқысы келмейді. Мұндай жағдайда жастар қайда тәжірибе жинайды? Тағылымдамадан өту проблемасына тап болған мен ғана емеспін. Мұндай мәселе менің барлық құрдастарымда бар. Осы бос орындар жәрмеңкесі сияқты іс-шараларды ұйымдастырғандарға рахмет, – деді ол.
Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру болып табылатынын атап өтті.
– Жыл соңына дейін тағы 10 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыру, олардың әлеуетін ашу, кәсіби дағдыларын дамыту. Бүгінде мұнда 60-тан астам жұмыс беруші – ірі бизнес өкілдері, соның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, туризм және сауда саласында жұмыс істейді. Мұндай іс-шараларға қатысу өзінің мансаптық жолын бастаған жастар үшін маңызды. Өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектеседі. Ізденушілер өздеріне ұнайтын компанияны таңдап, еңбек нарығында бағдарлай алады, - деп қорытындылады елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.
Айта кету керек, Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.
Жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы бағдарламалар бойынша толық ақпарат https://czn.kz/ru Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының сайтында.