Желіде "жігітті жұмыс орнынан әскерге күштеп алып кеткен" делінетін видео тарады

Сағыныш Сардарова 08 жел. 2025 16:54

Әлеуметтік желіде "жігітті жұмыс орнынан әскерге күштеп алып кеткен" делінетін видео тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, бұл жағдай Астанада сауда орталығында болған. 

Астана қаласы Қорғаныс істері департаменті мәліметінше, 4 желтоқсанда жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, дерекқорда әскерге шақыру жасындағы тұлға ретінде тізімделген 2002 жылы туған Ә.-ні тоқтатқан.

"Тексеріс барысында азамат бұрын әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық куәландырудан өтпегені анықталды. Оған қалалық жиын пунктіне бару ұсынылды, бірақ ол бас тартты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азамат медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Алғашқы медициналық тексеріс нәтижелері бойынша ол тұрақты тіркелген жері бойынша қосымша тексеріске жіберілген.

"Оған тиісті жолдама берілді, содан кейін ол үйге жіберілді. Азамат тарапынан заңсыз әрекеттер туралы шағымдар мен арыздар түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар