"Әлсіз диктатор – қатаң репрессияның белгісі" - ҰҚК экс-басшысы

Көркем Алдабергенова 08 жел. 2025 14:43

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, бүгінде Австрияда тұратын Әлнұр Мұсаев автократиялық жүйелердің күйреуі мен аймақтық қауіп туралы пікір білдірді. Ол авторитарлы билік әлсіреген сайын репрессия күшейетінін, ал мұндай режим ұзаққа бармайтынын айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұсаевтың айтуынша, бұл жеке тұжырым емес, тарих дәлелдеген заңдылық.

"Егер әлсіз диктатура репрессиямен күшейтілмесе, ол әдетте күштірек диктатураға ауысады немесе революция, азамат соғысына әкеледі. Ал демократия бүгінгі әлемде өте сирек құбылыс және кез келген халық үшін болашаққа берілген “бақыт билеті”", - дейді ол.

"Ресейді халық емес, жүйенің өзі құлатады"

Мұсаев Ресейдің жақын болашақта қатты күйзеліске ұшырайтынын болжады.

"Ресейді халық емес, құлдыраған экономика, билік үшін қылмыстық және кланаралық соғыстар, орталық әлсіреген кезде аймақтардың қақтығысы, автономиялық республикалардың тәуелсіздік қозғалысы күйретеді", - дейді бұрынғы басшы.

Мұсаевтың сөзінше, Қазақстан да қауіпті кезеңге жақындап келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар