Тоқаев бюджет туралы заңға қол қойды

Сағыныш Сардарова 08 жел. 2025 18:48

Мемлекет басшысы "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соған сәйкес мынадай өзгерістер болады:

  • АЕК - 4 325 теңге (2025 жылы 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге (өзгеріссіз).
  • Ең төменгі зейнетақы - 69 049 теңге (2025 жылы 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге (2025 жылы 32 360 теңге).
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге (2025 жылы 46 228 теңге).

АЕК мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар