8 желтоқсанда биржада доллар бағамы 4 теңгеге жуық қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 8 желтоқсан күнгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 508,3 теңге болды. Бір күн бұрынғы бағамен салыстырғанда валюта 3,69 теңгеге өскен.
Қазақстандағы айырбастау пунктеріндегі орташа бағамдар:
-
доллар: сатып алу – 510–512 теңге, сату – 513–514 теңге;
-
еуро: сатып алу – 591–593 теңге, сату – 595–599 теңге;
-
рубль: сатып алу – 6,5–6,55 теңге, сату – 6,55–6,6 теңге.
Сонымен қатар, ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың 2025 жылғы ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 63,3 доллар болып отыр.
