Актер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді", - деп жазды өзі әлеуметтік желіде.
Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған, бірі лайық екенін айтса, енді бірі бұл марапат артық екенін жеткізген:
"Құтты болсын, тек алға!", "Алла тіл-көзден сақтасын өзіңді!", "Сәл ертелеу беріп қойды ма деп ойлап қоямын. Енді босаңсып кетпей, одан да үлкен белестерді бағындыруыңа тілектеспін!", "Лайықты емессің, былай промоушендарды ұтып жүрсің", "Еңбек сіңірген жоқ бұл, өзі айтып еді ғой елде шаруам жоқ, мен өз жұмысыммен жүремін деп".
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар – қазақстандық актер, каскадер және ММА (аралас жекпе-жек) спортшысы.
