Ертең, 9 желтоқсан күні, Алматы қаласы Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбы және Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбының» салтанатты ашылуы өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс-шара ҚР Ұлттық ұланының қолдауымен, оның ішінде 7552 және 5571 әскери бөлімдерінің ұйымдастыруымен өтеді. Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларға әскери бағытта кәсіби бағдар беру.
Салтанатты ашылу бағдарламасында:
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде енгізу;
– 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрінің Мемлекеттік Гимнді орындауы;
– Құттықтау сөздер;
– «Жас сарбаз» қатарына қабылданатын оқушылардың ант беру рәсімі (антты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы полковник Ниязтай Болатұлы Әлкешев қабылдайды);
– Оқушылардың әскери-патриоттық өнер көрсетуі;
– Әскери оркестрдің орындауы;
– Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбының» ресми ашылуы көзделген.
Іс-шара 9 желтоқсан, сағат 10:00-де өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Дархан ықшам ауданы, Халифа Алтай көшесі 4-үй, №210 мектеп-лицейдің холы.
