Елдімекендерде көліктің от алып тұруына қатысты талап қайта қаралады – Роман Скляр

Кәмшат Тілеухан 05 нау. 2025 14:02 1012

Қыс мезгілі басталаса салысымен көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл қарастыратын заң нормасы халықтың наразылығын бұрқ еткізген еді. Бүкіл маусым бойғы түрлі деңгейдегі талқыда ақырында заңда мұндай норма жоғы аян болды. Дегенмен депутаттардың көзіне "тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елдімекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады" деген норма оттай басылып, бәрібір осыған қатысты Үкіметке тағы сауал жолдаған. Бұған күні бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бүгінгі күні "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында елді мекендерде жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тоқтап тұру талаптарын қайта қарау бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде. Осы мәселе өзінің тиісті шешімін аталған заң жобасы шеңберінде табады деп пайымдаймыз", делінген Роман Склярдың 2025 жылғы 28 ақпанда тіркелген жауабында. 

Ал сауалдың жолданған мерзімі 2025 жылдың 31 қаңтары деп көрсетілген.

Айта кетсек, етілген норма) бұзғаны үшін азаматтарға 19 660 теңге, ал қайталап бұзғаны үшін 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын еске салады.

Айта кетсек, депутат  Серік Ерубаев  Мәжілісте бұл мәселені бірінші болып көтеріп,өңірлердің температуралық режимі мен климатын ескере отырып,қосулы көлікке қатысты норманы қайта  қарауды сұраған болатын. Бұдан кейін Парламент қабырғасында депутат Нртай Аралбайұлы да осы мәселені көтерген. Бұл ретте сайтымызда "Штрафстан" деген ұғым пайда болды: Аймағамбетов елдегі айыппұл мәселесін көтерді" деген мақала жарияланған болатын.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар