Ел экономикасының қай секторлары көптеп корпоративтік заемдар тартты

Кәмшат Тілеухан 22 там. 2025 16:11

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Аналитикалық орталығы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру сегментіне жүргізген шолуды жариялады. Несиенің қымбаттағанына қарамастан, 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша банк секторы бизнеске 9,4 трлн теңге жаңа қарыз берді (жылына +12% немесе 1 трлн теңге), деп хабарлайды Dalanews.kz.

Несиенің жеделдетілген өсімі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру, несиенің қысқа мерзімді қымбаттығына аса сезімталдық танытпау, өтінімдердің көптеп мақұлдануы, сондай-ақ кредиттердің орташа мөлшерінің ұлғаюы аясында ірі бизнеске көбірек несие беру (+18%) байқалады (жыл басында 8,8 млрд теңге, ал қазір 12,9 млрд теңге).

Ірі бизнес субъектілері арасында ең үлкен сұранысты құрылыс (+27%), өнеркәсіп (+42%) және көлік (+51%) саласы қалыптастырады, бұл олардың осы салалардағы жоғары үлесін және ағымдағы жылы экономикалық өсімді жеделдетуге қосушы негізгі үлесін танытады.  Жоғары салалық рентабельділік (құрылыс — 22,5%, өңдеу өнеркәсібі — 24,7%, өндіруші — 40,5%, көлік — 34,4%) несиелік «тәбетті» сақтап тұр.  Осылайша, бұл салалар несиелік ресурстарға деген негізгі сұранысты қалыптастырып, корпоративтік несиелеу құрылымын анықтайды.

ШОБ сегментінде жаңа несиелердің берілу деңгейі сыйақы мөлшерлемелерінің өсіміне жоғары сезімталдық, қаржылық тұрақтылықтың шектелуіне байланысты өтінімдер бойынша мақұлдаулардың дәстүрлі түрде үлестің азаюы (шағын компаниялардың үлесі 39%-ға жуық, орташа — 22% - ға, ірілер - 17% ), сондай-ақ іскерлік ортадағы кедергілер (салық ауыртпалығының деңгейі, бәсекелестік, экономиканың жай-күйі және т.б.) аясында төмен болды.

Қарыздарды тартудың басым мақсаты айналым қаражатын қаржыландыру болып табылады (65%), ал негізгі құралдарға жасалған инвестицияларға арналған кредиттердің үлесі қалыпты түрде 2,2% - ға дейін өсті (бір жыл бұрынғы 1,3% - дан), бұл бизнестің ұзақ мерзімді инвестициялар бөлігінде сақтықты сақтап, компаниялардың ұзақ мерзімге ресурстардың жоғары құнын белгілеуге шектеулі дайындығын көрсетеді.

Ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі (>1 жыл) қарыз ресурстарының түпкілікті құнын төмендететін "Даму" КДҚ жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларының, субсидияларының және кепілдіктерінің қолжетімділігі аясында ең жоғары үлес ШОБ өкілдеріне (26-57%) тиесілі.

Сонымен қатар, ірі бизнестің несиелеу құрылымы әртүрлілігімен ерекшеленеді: олар қысқа мерзімді несиелерді белсенді пайдаланады, ал ұзақ мерзімді несиелердің үлесі төмен болып келеді (10%). 2025 жылдың ІІІ-тоқсанында ірі бизнес тарапынан кредиттерге сұраныстың жоғары динамикасы сақталады деп күтіледі, ең алдымен ауқымды жобалар іске асырылатын құрылыста, өнеркәсіпте және көлікте жоғары іскерлік белсенділік пен рентабельділік сақталады.

ШОБ сегментінде сұраныс мемлекеттік қолдау бағдарламаларына, атап айтқанда, "Өрлеу" жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасына және "Даму"қоры базасында ШОБ жобаларына кепілдік беру тетігіне көбірек тәуелділік байқалады.

2025 жылдың бірінші жарты жылдығында корпоративтік сектордағы кредиттік белсенділік екі фактордың қиылысында қалыптасты: ірі бизнес тарапынан тұрақты сұраныс және іскерлік ортаның сақталып отырған шектеулері. Бір жағынан, бизнеске берілген жаңа қарыз қаражаттарының көлемі 9,4 трлн (+12% г/г) теңгеге жетті, бұл қаржылық делдалдықтың кеңеюін танытады. Екінші жағынан, кәсіпорындардың сауалнамалары салық ауыртпалығы, бәсекелестік және экономиканың жалпы жағдайы бизнесті жүргізудегі негізгі кедергілер болып табылатынын көрсетеді, ал қаржыландыруға қо жетімділік екінші фактор ретінде қабылданады.

Бұған дейін сайтымызда "Жеке инвесторлар ынтасының жойылуы экономикадағы тұрақты кедергілерді көрсетеді - сарапшы" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар