Шымкентте журналист әрі блогер Арай Есенбек бопсалау ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды DalaNews.kz
Сот мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.
Іс материалдарына сәйкес, блогер өткен жылы таныс шенеуніктен 10 млн теңге талап еткен. Ол ақшаны бермеген жағдайда өз медиаресурстарында жағымсыз материалдар жариялайтынын айтып қорқытқан.
Кейін мемлекеттік қызметкер құқық қорғау органдарына жүгінген. Ақша беру кезінде Есенбек ұсталған.
Сот оны бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
