ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Самал Асқар 24 сәу. 2026 17:00

Шығыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Dala News.

24 сәуір күні «Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы» автожолының 1139-шақырымында, Глубокое ауданы Березовка ауылы маңында «Mazda» және «JAC» автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал «JAC» көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove