Өскеменде су құбыры жарылып, қала орталығы сусыз қалды

Самал Асқар 24 сәу. 2026 15:51

Өскеменде су желілерінде апат болып, қала орталығындағы бірқатар абонент сусыз қалды, деп хабарлайды Dala News.

Қалалық «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметінше, апат болған жерге жедел түрде авариялық бригада жіберілген.

YK-News ақпараты бойынша, ақау 1985 жылы пайдалануға берілген су желісінде болған. Соның салдарынан қала орталығындағы тұрғындар уақытша сусыз қалған.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар апатты жою жұмыстарын бүгін сағат 18:00-ге дейін аяқтауды жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove