Қарағандыда көліктің ішінен әйел өлі табылды

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2026 17:05

Қарағандыда көліктің ішінен әйел өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

22 сәуірде Төлепов көшесінде көлік салонынан 34 жастағы әйелдің пышақ жарақаттары бар мәйіті табылған.

Бұл дерекке қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді Қарағанды облысы ПД өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove