Қазақстанда несие беру талаптары қатаңдай түсуі мүмкін. Енді банктер қарыз көлемін адамның ресми табысына қарап бекітеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қарыз алушы өз мүмкіндігін нақты бағалауы тиіс. Сол сияқты қаржы ұйымдары да табысы төмен адамдарға ірі көлемде несие ұсынудан бас тартуы керек.
Жаңа модельде қарыз көлемі жылдық табысқа қатысты арнайы коэффициент арқылы анықталады. Яғни, адамның табысы оның несие алу шегін нақты белгілейді.
“Ай сайын 200 мың теңге табатын адамға 50 миллион теңге несие беру – ақылға қонымсыз. Ол мұндай қарызды өтей алмайды, сондықтан банк те мұндай шешім қабылдамауы тиіс”, – деді Сүлейменов.
