"Дикий Арман" лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке қатысты үкім өзгеріссіз қалатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен сотта белгілі болды.
Еске салайық, 14 қазан күні Алматы қаласында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциялық шағымдарды қарау басталған еді.
Бұған дейін осы іс бойынша атышулы «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған.
2025 жылдың 7 қаңтарында сот Қаңтар оқиғасына қатысы бар 44 айыпталушыға үкім шығарған болатын. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов бар.
Сот үкіміне сәйкес, Арман Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және 24 адамды заңсыз бостандығынан айырғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға сотталды. Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл, ал Руслан Искаковқа – 15 жыл 6 ай түрме жазасы және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
