«Дұрыс» және «бұрыс» несиелер. Оларды қалай анықтаймыз?

Dalanews 26 қар. 2021 09:34 979

Қаржы кеңесшілері несиенің зейнет әкеле алатын, сонымен бірге бейнет әкеле алатын қасиеттерін анықтаған. Яғни, олар банк несиесін эмоционалдық және тиімділігі жағынан «дұрыс» және «бұрыс» деп екіге бөледі. Ол не үшін жасалды және түпкілікті мақсаты қандай?

Dalanews.kz порталы «Каржылық кеңесші» айдары аясында жеке қаржы менеджменті, ақшаны жинау мен пайдалану, несие түрлеріне арналған мақалалар сериясын жариялай бастады.

Бүгін біз «дұрыс» және «бұрыс» несиелерге тоқталмақпыз. Олардың адам өміріне тигізетін әсері қандай? Қай несие дұрысқа жатады? Ал қай несие түрінен бойды аулақ ұстаған жөн?

Несиенің формасы емес, мақсаты маңызды


Дұрыстылық немесе бұрыстылық – еш уақытта несиенің қаржылық, техникалық параметріне байланбайды. Өздеріңіз білетіндей, несиенің түр-түрі бар. Мысалы, кепілзатсыз несие, кепілзат қойылатын несие, тауарлы несие, қолма-қол ақшалай берілетін несие және ипотека. Оның кез-келгені біз үшін «дұрыс» немесе «бұрыс» болып шығуы мүмкін. Бәрі – оның мақсатты қолдануына байланысты.

«Дұрыс» несие


Сіздің немесе жақын отбасы мүшелерінің дамуына, яғини қазіргіден жақсырақ бола түсуіне бағытталған қаржы – инвестициялардың төресі болып саналады. Мысалы, жақсы білім алуға, денсаулықты жақсартуға, профессионалды біліктілікті арттыру үшін қосымша оқуға алынған несие еш уақытта бекер кетпейді. Өзіңізге салынған инвестияцияны сізден ешкім тартып ала алмайды.

Сізге болашақта пайда әкелетін, яғни бизнес, кәсіп ашуға бағытталған несиелер.

Кәсіптің бизнес-жоспарын алдын-ала жасап, нарықты терең зерттеп, іске «жеті өлшеп, бір кескендей» кіріссеңіз, бизнес несие сізді үлкен жеңістерге жетелейтіні сөзсіз.


Тұрғын үй жайын жақсарту. Баспана мәселесіне қатысты несие, бір сөзбен айтқанда ипотека «дұрыс несие» бағытына жатады. Себебі – азаматтың өз меншігіндегі баспана оның болашаққа деген сенімін, одан әрі отбасын құрып, өмірге бала әкеліп, тұрақты өмір сүруге деген ынтасын нығайтады. Жалпы, өз үйінің болмауы отандастарымыздың психоэмоционалды жағдайына қатты әсер ететін фактор. Ипотека ол мәселені шеше алады.

«Бұрыс» несие


Той, туған күн, кез келген көңіл көтеру шараларын атқару үшін алынған банк несиесі – «бұрыс» несие болып саналады. Әсілі, ондайға қарыз алмаған дұрыс. Той жасауға қаржылық жағдай келмесе, сол тойды жасамауға да болады. Бұл жағдайда сізді айналаңыздағы адамдардың пікірі емес, болашақ қаржылық қауіпсіздігіңіз мазалауы керек. Мұндай несие еш уақытта пайда әкелген емес. Бір күнде өтіп кететін шара үшін, айлап-жылдап несие сомасын өтеу кез-келген адамды күйзеліске ұшыратады.

Қаржылық пирамида, түрлі ломбард, криптовалюталық алаяқтардың схемасына алданып, соған несие алу. Несиенің ең ауыр формасы осы.


Біз осының алдында тек өзіңіз бен етене жақыныңыздың білім алуына, біліктілігін арттыруына, емделуіне бағытталған несиенің дұрыс екенін айттық. Ал басқа мақсатқа, мысалы сіз немесе сіздің жақыныңызға бір сәттік зор пайданы айтып, уәде беріп отырған әлдекімнің сөзіне сеніп, ешқашан несие алуға болмайды.

Алдындағы несие, қарыздарды жабу үшін тағы да несие алу. Егер қайта қаржыландыру, яғни шарттары ауырлау, пайыздары жоғары бастапқы несиені анағұрлым тиімді шарттарға бар несиеге ауыстыру болмаса, бұл да несиенің «бұрыс» түрі. Себебі, ол азаматтың қаржылық жүктемесін арттыра береді.

Қорыта келгенде


Егер банкке бәрібір жүгіну керек болса, онда тек «дұрыс» несиені таңдаңыз. Сонымен бірге, оның шарттарына назар аударыңыз. Өзіңізге тиімдісін ғана іріктеп алыңыз.

Бір қуантарлығы, қазір банктер азаматтар үшін несие шарты мен оны рәсімдеуді барынша қолайлы қылуға тырысуда. Көптеген рәсімдер онлайн форматқа көшірілді. Үйден шықпай-ақ, несиеге өтінішті банк сайтынан да беруге болады.

Сонымен бірге, кепілзатсыз несиенің шарттары да азаматтарға барынша қолайлы бола түсті. Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) кезекті рет өз клиенттері үшін несие шарттарын жақсартып отыр. Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын кепілзатсыз несие шарттарында несие сомасы 5 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін ұлғайса, мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Dalanews.kz қаржы кеңесшісі сіздің жеке ақша менеджментіңізді жақсартуға арналған. Қаржылық сауаттылық сізді алаяқтардан қорғап, несиені барынша жеңіл шарттармен алуға және ақшаңызды тиімді жұмсауға жол ашады.

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар