Допинг дауы: бір атағынан айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 13:50

Бір атағынан айырылған боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спортшы қолдау көрсеткен қалың қазаққа алғыс білдірді.

"Сыналдық, бірақ сынбадық! Керісінше шыңдалдық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды.  Қалай болғанда да қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! 1 титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтамадық, меніңше, бәрі енді басталатын сияқты! Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз! Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар! Бұл - өмір заңы! Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз! Мен допингке қарсымын! Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын! Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті! Талқылай бергеннен, уайымдай бергеннен тағдыр өзгермейді. Ең бастысы ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі! Ардақты ағайын, біз әлі ӘЛЕМ чемпионымыз! Алдымызда талай дода күтіп тұр! Жеңісті күнде жүздесейік! Қолдауларыңызға рақмет", - деді ол.

2025 жылғы желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған еді.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove