IBF Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондық белбеуді қайтарып алды

Көркем Алдабергенова 11 нау. 2026 09:07

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған. Осы жағдайдан кейін Қазақстан кәсіби бокс федерациясы спортшыны алты айға жекпе-жектерден шеттеткен болатын.

Соған қарамастан, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін әлі де сақтап отыр. Алайда осы жылдың ақпанында бұл ұйым да допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты боксшыны бір жылға, яғни 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove