2007 жылы отандық ғалымдар халықтың рухани дамуына ықпал еткен мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыраның кіргенін, 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгенін айта кеткен жөн. Ресми мәліметтер бойынша домбыраның төрт мыңжылдық тарихы бар. Осы тұста ұлттың мақтаныштары Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованы, Нұрғиса Тілендиев пен Қаршыға Ахмедияровты және т.б. айта кеткен жөн.
Шығыс-Қазақстан облысында орналасқан ОВ-156/17 түзету мекемесінде де осы ұлттық қазынаның тәрбиелік мағынасы зор. Ауыз толтырып айта кететін жайт, мекемеде домбыра жасайтын цехтың орналасқандығы. Бұнда сотталғандар екі шекті музыкалық аспаптың біренше түрін (ән мен күй домбырасын, балдырған, қуыс мойын, т.б. түрлерін) жасаумен айналысады. Демалыс мезгілде жасақтарда сотталғандар домбыра шертіп, өзара домбыра тартудан, үйренуден секция ашып алғаны – тәрбиелік мағынасы зор шара. Мекеме басшылығы тарапынан да қазыналы аспаптың сотталған арасында кең таралуына барынша ықпал жасалуда.
Қоғамға белгілі 2018 жылы шілде айының бірінші жексінбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген.
Аталмыш түзету мекемесінде де осы күні сотталғандармен қасиетті аспаптың тарихы туралы әңгімелер үйымдастырылып, домбыраның үні сыңғырлап, күй-термелер тартылып, әндер айтылды.
Осы тұста мекеме басшылығы қызметкерлер мен сотталғандар атынан отандастарымызды құттықтап, әр шаңыраққа қасиетті аспаптың сыңғыр үнімен бақыт орнауын тілейді.
Асылан ҚАРАШОВ, ШҚО ҚАЖД ОВ-156/17 мекемесінің инспекторы әділет аға лейтенанты