Музыка – Қазақстан халқы мәдениетінің ажырамас бөлігі, ұлттық болмыспен тығыз байланысқан өнер. Ол адамды өмірінің алғашқы күнінен бастап, соңғы сәтіне дейін жетелеп, қуаныш пен мұңды, үміт пен сағынышты бейнелейді. Біздің қоғамда музыка – жай ғана көңіл көтерудің құралы емес, керісінше, мәдени кодтарды, халық даналығын, тарихи жадыны және рухани құндылықтарды жеткізетін керемет дәстүр.
Ежелден бері қазақ халқының ән өнері эстетикалық қана емес, сондай-ақ маңызды ритуалдық қызмет атқарды. Музыка дәстүрлі рәсімдер мен салт-жоралғылардың ажырамас бөлігі болып, ұрпақтар сабақтастығында рухани байланысты қамтамасыз етіп келеді.
Осы мақалада айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлттық фольклор өнерінің негізгі жанрлары туралы және қазіргі технологияның мәдени дәстүрлерді сақтауға қалай ықпал еткені жөнінде баяндайды.
Музыка – кешегі мен болашақтың көпірі
Халқымыздың музыкалық дәстүрлері ежелгі замандардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Заманауи үдерістердің ықпалымен ол жаңа болмысқа бейімделе түсуде.
Қазақ музыкасы – тірі тарих, ол сандық дәуірде де өз жалғасын табуда. Халық әндері мен сүйікті туындылар музыка платформаларында жаңаша келбетке ие болып жатыр. Мысалы, Яндекс Музыка сияқты сервистер оларды жаңа буын тыңдармандарының құлағына жеткізеді.
Ақылды алгоритмдер тек мәдени мұраны сақтап қана қоймай, ерекше сәттерге лайықты әуендерді де ұсынады. Айталық, «Менің толқыным» функциясы тыңдарман талғамын сараптап, көңіл-күйіне сай плейлист жасайды. Жүйе тыңдау тарихын, музыкалық үйлесімділікті және болашақта тыңдалуы мүмкін музыкалық талғамдарды ескере отырып, жаңа әндер тізбегін ұсынуға қабілетті. Осылайша, технология музыканы өткен мен бүгінді байланыстыратын көпірге айналдыруда.
Бесік жыры – дәстүрдің алғашқы үні
Фольклордың ең көне жанрларының бірі – бесік жыры (колыбельная). Мұндай әндер тек баланы жұбатып, ұйықтатудың амалы ғана емес, сонымен қатар сәбиді жын-шайтандардан қорғау немесе оның мінез-құлқына оң әсер ету мақсатында айтылған.
Көбіне бесік жырын анасы орындап, әуенге мейірім мен жылылық толтыратын. Бүгінгі аналар да балаларына бесік жырын шырқайды, бірақ жаңа үлгіде. Технологиялар сүйікті әуендерден жеке плейлист құруға мүмкіндік береді. Яндекс Музыкадағы «Менің толқыным» қызметі сәби ұйқысы үшін ең жұмсақ әрі жүрекке жылы тиетін бесік жырларын таңдап береді.
Үйлену тойы әндері – жаңа өмірге қадам
Шаңырақ көтеру қазақ халқында ерекше салтанатты шара болып есептеледі, ал оған арналған әндер мен жырлар үлкен маңызға ие. Мәселен:
● "Сыңсу" – қалыңдықтың ата-анасымен және туған-туыстарымен, үйімен қоштасар сәтіндегі мұңды жыры.
● "Беташар" – жаңа түскен келіннің бетін ашу рәсімі кезінде орындалатын, өзінше нақышпен орындалатын жыр.
● "Жар-жар" – қалыңдық пен күйеу жігіт жағы айтыс түрінде орындайтын ән-жыр. Бұл диалог арқылы күйеу жақ қалыңдықты жаңа өмірімен қауыштырса, қыз жағы қоштасу назын білдіреді.
Бүгінде қазақ тойларының басты әндерінің бірі – "Той жыры" (Дос-Мұқасан тобы). Бұл әннің алғашқы ноталары шырқала бастағаннан-ақ, жұртшылықтың көңіл-күйі көтеріліп, би алаңына бет алады.
Осылайша, Яндекс Музыкадағы «Менің толқыным» функциясының көмегімен ерекше сәттерге алдын ала плейлист жасап, ең әсерлі әуендерді таңдауға болады.
Қоштасу және жұбату әндері
"Қоштасу" – туған жерден алыстап бара жатқанда айтылатын мұңлы әндер. Бұл жанр түрлі тарихи кезеңдерде халық арасында кең таралған. Мысалы, қазақтың әйгілі лиро-эпостық жыры "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" да қоштасу әндерімен өрнектелген.
"Жоқтау" – қайғы мен мұңды жеткізетін азалы әндер. Көбіне әйелдер жақын адамынан айырылғанда орындайтын бұл әндер тек қайғыны емес, сонымен бірге марқұмның өміріне деген құрметті де білдіреді.
Айтыс – суырыпсалма сөз өнері
Айтыс – екі ақынның сөз сайысы арқылы өтетін ұлттық өнердің ерекше түрі. Ол бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтпай, халықтың мәдени өмірінің бір бөлшегіне айналған.
Айтыстың ерекшелігі – оның көпқабаттылығында. Бұл тек өнер ғана емес, қоғамдық пікірталас алаңы да. Ақындар өнерін көрсетумен қатар, халықтың мұң-мұқтажын, әлеуметтік мәселелерді, саяси жағдайды, моральдық құндылықтарды да қозғайды. Олардың мақсаты – қарсыласын сөзбен жеңу ғана емес, тыңдармандарға ой салу, кейде әділетсіздікке қарсы үндеу тастау.
Осылайша, қазақ музыкасы – ұлттың рухани айнасы. Ол адамның ең маңызды сәттерінде қасынан табылып, ұрпақты байланыстыратын алтын көпірге айналады.
● Бесік жыры сәбидің жүрегіне мейірім ұялатады.
● Сыңсу мен жар-жар қалыңдықтың жаңа өмірге қадамын бейнелейді.
● Жоқтау мен қоштасу әндері өткенді еске салып, тағдырдың ауыр кезеңдерін айшықтайды.
● Айтыс – халықтың үні, шындық пен өнердің үйлесімі.
Бүгінде технологиялар бұл мұраны сақтауға ғана емес, оны жаңа заманға бейімдеуге де көмектеседі. Сандық архивтер, алгоритмдік ұсыныстар және онлайн платформалар қазақ музыкасын қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналдыруда. Уақыт жылжып, дәуір өзгерсе де, халқымыздың жүрегінде музыка мәңгі сақталып, болашақ ұрпаққа жетіп отырады.