Діннің мемлекет дамуына әсері және зайырлылық ұғымының ықпалы

Dalanews 17 мау. 2023 04:33 1272

Дін қай заманда да қоғамның өміріне, тыныс-тіршілігіне айтарлықтай әсер еткен. Оның жарқын мысалы ретінде жақтастары саяси төңкеріс жасап, азаматтардың амандығына қауіп төндірген және өздерінің Құдайына «сенбейтіндердің» барлығын қасірет пен азапқа ұшыратқан түрлі радикалды діни ағымдардың әрекеттерін айта аламыз. Кейбір елдерде үстем діннің негіздері барлық азаматтарының өмір сүру ережелерін белгілейді. Осындай ортағасырлық көзқарасты әрі нақты деректерді қазірдің өзінде зайырлы мемлекеттерден де байқауға болады. Кейбір конфессиялық канондар өзі өмір сүретін елдің экономикасына әсер етуі мүмкін.

ХХ ғасырда Гарвард университетінде американдық ғалым Роберт Барро халықтың діндарлығы мен елдің экономикалық өсімі арасындағы байланыс туралы зерттеу жүргізге. Барлығы 59 мемлекет ғалымның нысанасына ілінді. Профессор өз еңбегін Аллаға сену, ақырет, жәннат, тозақ сияқты категорияларға бөлген. Нәтижелері бұл факторлардың экономикалық өсуге қосқан үлесі тең болмаса да, қай кезде де оң болатынын көрсеткен. Мысалы, тозаққа сенуден гөрі, жұмаққа сену экономикалық өсуге әлдеқайда аз ықпал етеді.

«Потенциалды тозақ түріндегі қамшы әлеуетті жұмақ сәбізінен әлдеқайда тиімдірек болып шығады», - деген Барроның өзі.

Сондай-ақ, Канада ғалымдары Улрих Блум мен Леонард Дадлидің пікірінше, дін өтірік пен жалғандыққа тыйым салады, бұл экономиканың өркендеуіне оң әсер етеді.

Бұған мысал ретінде Ресей империясындағы ХІХ ғасырдағы ескі сенушілер қауымын келтіруге болады. Ол заманда елдің өнеркәсібі мен саудасын билеген солар еді. Мұның сыры – бұл қауымдастықтардың адал сөзге сүйеніп, кепілсіз несие беруінде еді. Кейіннен олар Ресейден бір себептермен ығыстырыла бастағанда, басқа елдерде де олар жоғары экономикалық көрсеткіштерге себеп болды.


Жалпы, ғалымдардың статистикасы бойынша христиан елдері әлемдегі ең бай елдердің қатарына жатады. Олардан кейін Ислам келеді. Буддизмді, индуизмді және атеизмді ұстанатын мемлекеттер ең кедей және экономикалық өсуге қабілетті емес.

Христиандықтың бағыттарын қарастыратын болсақ, онда, әрине, протестанттар туралы ерекше айтылады. Норвегия, Швейцария, АҚШ, Нидерланды, Австралия, Германия, Швеция және Канада сияқты мемлекеттердің халықтары бұл үрдісті көбірек ұстанады. Ғалым Макс Вебердің пікірінше, капитализмнің пайда болуына негіз болған протестантизм болды. Өйткені, олар үшін еңбек пен сауда тек пайдалы шаруашылық қызметі ғана емес, сонымен қатар ізгілікке, мейірімділікке шақырады. Осылайша, жақсы ақша табуға және пайдалы кәсіп құруға деген ұмтылысты протестанттар адал парызды орындау ретінде қабылдайды.

Сонымен бірге, 1990 жылдардың аяғында Еуропаның үш түрлі аймағы – Польша, Германияның оңтүстік бөлігі мен Ирландия экономикалық қарқынды даму жолына түсті. Олардың барлығын католицизм біріктірді. Сонымен қатар, болжам бойынша өсуге 1962 жылы жұмысқа деген көзқарас тұжырымдамасын өзгерткен Екінші Ватикан кеңесі әсер етті. Осы уақытқа дейін жұмыс адамның күнәсі үшін жіберілген қарғыс болып саналды, ал кедейлік дегеніңіз қасиетті ахуал сияқты түсінік болған. Алайда, бұл көзқарасты өзгерткеннен кейін 25 жыл өтті және католиктік экономика керемет өркендеуге қол жеткізді.

Исламда «жеке меншік» немесе жалпы «жеке» деген ұғымдар болмайды, өйткені адамның алғанының бәрі «аманат», яғни уақытша пайдалануға берілген. Түсінікті тілмен айтқанда, ислам реформаторы әл-Ауғанидің пікірінше, ислам социализмге ұқсайды, мұндағы басты мақсат экономикадағы мемлекеттің рөлін күшейту болды.


Ислам мен Қазақстан, атап айтқанда, титулды ұлт – қазақтар арасындағы байланысқа көшпес бұрын, шағын ескертпе жасау керек. Кез келген ұлттың болмысы екі нәрсеге байланысты қалыптасады: діні мен тілі. Ал, зерттеулерге қарағанда, қазақ болмысы діннен гөрі этникалық негізде қалыптасқан.

«Орталық Азиядағы ұлттық бірегейліктің исламдық құрамдас бөлігі әрқашан үлкен, ұлттан жоғары ислам қауымдастығына қатысты терең сезімді алып келе бермейді. Олар үшін этникалық бірегейліктің маңыздылығы басымырақ», - деп түсіндіреді тарих ғылымының профессоры Мюриэл Аткин.

Сондай-ақ, жазушы Шахимарден Құсайыновтың айтуынша, бір кездері – ХІХ ғасырда түркі тайпаларының қазақ, өзбек болып екіге бөлінуіне дәл осы ислам дініне деген әртүрлі көзқарастар себеп болған. Демек, өзбектер шариғат (ислам заңдары), ал қазақтар көне түркі заңдарын, яғни исламға дейінгі заңдарды ұстанған. Сонымен қатар, халықтың басым бөлігі өзін мұсылманбыз деп санайтынын және бұл мемлекеттің саясаты мен экономикалық дамуында ішінара көрініс табуын ескермеуге болмайды. Осылайша, Қазақстан басқа ислам елдерімен айтарлықтай интеграцияланған және көптеген одақтар мен достастықтардың мүшесі болып табылады.

Солардың бірі – Қазақстан 1995 жылы қосылған Ислам ынтымақтастығы ұйымы. Атап айтқанда, оның екі бөлімшесінің – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Ислам даму банкінің штаб-пәтері сәйкесінше Астана және Алматы қалаларында орналасқан. Ислам даму банкі шағын бизнес, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға инвестиция салып, инфрақұрылымды қолдауға (мектептер, ауруханалар салуға және т.б.) гранттар бөле отырып, Қазақстан экономикасының ілгерілеуіне айтарлықтай ықпал етуде.

Индуизмде істер әлдеқайда күрделі және экономиканың дамуына кері әсер етеді. Мысалы, қайта туылу мен кармаға сену жаны бар тіршілік иелерінің барлығын өлтіруге тыйым салады. Мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдары көптеген кеміргіштерден зардап шегіп жатады. Сонымен қатар, бұл дін кең тараған үнді қоғамында касталық жіктелу бар. Егер адам төменгі тапқа жататын болса, оның бойында қандай да бір ерекше қабілет пен дарын болса да, оны барынша көрсетуге мүмкіндігі болмайды. Яғни, ешқашан өспейді, кемеліне жетпейді, мансаптық ілгерілеуге қол жеткізе алмайды.

Буддизм туралы айтатын болсақ, олардың жақтаушылары рухани дамуды бірінші орынға қояды және көбінесе материалдық құндылықтарға зиянын тигізеді. Басқаша айтқанда, еңбектенуге, баюға, әлеуетті нығайтуға қарсы. Мысалы, буддизмнің бір тармағы ламаистер егіншілікпен мүлдем айналыспайды.

ХХ ғасырдың басында ғалымдар Шығыс Азияның артта қалуын конфуцийшілдіктің кең етек жаюымен байланыстырды. Кейінірек, сол ғасырдың аяғында экономиканың қарқынды дамуы конфуцийшілдікпен де түсіндірілді. Мәселе мынада, бұл діннің немесе философиялық ағымның тұжырымдамасы бойынша қоғам өз билеушілеріне сөзсіз бағынуы тиіс, әкесіне ұлы сияқты бағынғаны сияқты. Ал конфуцийшілдіктегі католицизмнің үлгісі бойынша жұмысқа деген көзқарас өзгерді, бұл сол Қытайдың экономикалық кереметін ішінара түсіндіреді.


Иудаизмге келетін болсақ, жеке баю мәселесі тек айыпталып қана қоймайды, адам табиғатының табиғи қасиеттерінің бірі болып саналады. Қысқасы, еврейлер үшін ақшаға ие болу және экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру қалыпты жағдай және құпталады.

Адамзат өмірінің мыңдаған жылдарында дін салтанат құрған елдердің тұрмыс-тіршілігіне, хал-ахуалына, дамуына қандай да бір түрде әсер еткенін жоғарыдағы мысалдар тағы да дәлелдейді. Әрине, бүгінде мемлекеттердің көпшілігі өздерін егеменді деп танытып, саяси, экономикалық және басқа да шешімдерді қабылдауға діннің ықпалын жоққа шығарған кезде, бұл қарым-қатынастар өзгерді. Дегенмен, ең бастысы бұрынғысынша қалып отыр, мәселен, қандайда бір конфессиялардың әртүрлі дәрежеде ықпал ететіні елдердің дамуында көрініс табады. Егер еңбек, еркіндікке ұмтылу және жеке баюға деген талпыныс айыпталмаса және басқаша ынталандырылмаса, экономика қарқынды өсуді бастан кешіреді және керісінше болуы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар