"Қазақтелеком" ұлттық байланыс операторы акцияларының бағасы 15 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 7,1%-ға өсіп, 47,64 мың теңге болды. Бұл - аталған акция саудасы тарихындағы алғашқы рекорд. Бір күн бұрын ғана ұлттық оператор "Мобайл Телком-Сервисті" (Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейді) сату бойынша мәмілені аяқтаған, деп жазады Dalanews.kz.
Freedom broker сарапшылары бірінші болып үстіне әжептәуір құн қосқан бағалы қағазға инвесторлар назарын аудартып, оны сатып алуға кеңес берген. Келесі күні, 16 қаңтарда "Қазақтелеком" акциялары 0,4%-ға арзандады. Қазір бұл акция 47,45 мың теңгеден саудалануда.
Ұлттық байланыс операторының акциялары бағасының өсуі есебінен KASE индексі алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 0,2-ға, 5772,26 тармаққа дейін өсті. Салыстырмалы түрде алсақ, "ҚазМұнайГаз" (-1,3% - ға) және Kaspi.kz (-2,2 %). акциялары аздап арзандады. Сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсіптен" (акциялардың құны өзгерген жоқ) басқа индекстелген барлық басқа компаниялардың бағалы қағаздарының құны өсті.
Freedom Broker орта мерзімді перспективада Банк ЦентрКредит пен Kcell-ден басқа барлық индекстелген акцияларды сатып алуға кеңес береді. Ал банк қағаздарын, әзірге ұстай тұруға, керісінше ұялы байланыс операторынікін сату ұсынылады.
Күні кеше, 14 қаңтарда "Қазақтелеком" Pih Communication LLC еншісіне сай "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС Жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ын сату жөніндегі мәмілені түйіндеді. Осылайша Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін МТС мобильді операторы қатарлық компанияға сатылды. 2024 жылдың маусым айында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев мәміле сомасы 1 млрд доллар болатынын шамалады (кейінірек бұл соманың 1,1 млрд доллар екені нақтыланды). Сондай-ақ сарапшылар "Қазақтелекомға" тиесілі Kcell-ді де сатады деп болжаған. Алайда,кеше, 15 қаңтарда осы сипаттағы сауалға "Қазақтелеком" "Kcell-дегі үлесін сатпау керек деген ұстанымда екендерін жеткізді.
1 қазандағы жағдай бойынша, "Қазақтелекомның" ірі акционерлері "Самұрық-Қазына" қоры (71,32%) және Jusan Bank (8,1%) болып табылады. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 40,5%-ға, 53,1 млрд теңгеге дейін қысқарды