Қазақтелеком Kcell-ді де сатады ма

Кәмшат Тілеухан 15 қаң. 2025 13:03 239

Күні кеше "Қазақтелекомның" Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін өзінің мобильді активтерінің бірі — "Мобайл Телеком-Сервисті" (МТ-С) қатарлық инвесторға сатқаны белгілі болды. Енді ұлттық операторда Kcell сынды өте тартымды актив бар. Бұған қатысты "Қазтелекомның" қандай жоспары бар. Мұның жайын QAMS біліп көріпті, деп жазады Dalanews.kz.

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ні (МТС, Tele2/Altel брендтері) сатудан түскен қаражатты қайда жұмсайтынын Жарғы мен заңнама талаптарына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ уәкілетті басқару органдары енді қабылдайды. Сондай-ақ компания "Kcell-дегі үлесін сатпау керек" деген ұстанымда", делінген ұлттық оператор жауабында.

Kcell-дің негізгі акционерлері: Қазақтелеком (51%), KC Holding LTD жеке компаниясы (14,87%), First Heartland Jusan Bank (9,08%), ENPF (7,1%).

Айта кетсек, "Қазақтелекомға" тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ны катарлық Pih Communication LLC компанияның сатып алуы бойынша мәміле 2025 жылы 14 қаңтарда аяқталды.  Мәміленің аяқталғаны туралы сүйінші жаңалықпен "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Бағдат Мусин желідегі жеке парақшасында бөлісті. 2024жылдың маусым айында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев мәміле сомасы 1 млрд доллар болатынын шамалады (кейінірек бұл соманың 1,1 млрд доллар екені нақтыланды). 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар