Freedom Inside '26

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыс елдеріне бармауға кеңес берді

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыс елдеріне бармауға кеңес берді
Фото: Zakon.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Таяу Шығыстағы ахуал толық тұрақталғанға дейін өңір елдеріне қажетсіз сапарлардан уақытша бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство жағдайдың жақын арада реттелетініне үміт білдіргенімен, әзірге сақтық шараларын ұстану маңызды екенін атап өтті.

"Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндігінше өңір елдеріне аса қажеттілігі жоқ сапарларды кейінге қалдыруды ұсынамыз", – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.

Министрлік жағдайды жіті бақылап отырғанын және азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда екенін жеткізді.