Жалпы, Ақши туристік аймағында 264 демалыс аймақтары бар. Былтырғы жылы көл жағалауына 798 мың 462 адам келген. Оларға 4 млрд 790 млн теңгенің қызметі көрсетілген. Ал, биылғы жылы Алакөл көліне жазғы шомылу маусымында 878 мың 325 демалушыларға, 5 млдр 269 млн теңгенің қызметі көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2020 жылы көл жағалауы тазалығын қамтамасыз ету үшін Ақши ауылында ШЖҚ «Алакөл Тазалық» МКК бөлімшесі құрылып, 7 дана техникалар мен 145 дана қоқыс жинайтын контейнерлер сатып алынған. Бұдан бөлек, 2019 жылы көл жағалауын дамыту бойынша Ақши ауылы Алакөл көлінің сол жақ жағалауында 4 га жерге демалыс саябағының құрылысы басталған болатын. Ал, оң жақ жағалауында 2,7 га жерде аллея құрылысы аяқталды. Көл жағалауында 10 жерге қоғамдық дәретхана мен қоқыс алаңдарын дайындап орнату жұмыстары жүзеге асырылды. Осы жылы жер комиссиясы анықтаған көл жағалауында 5 жерге шомылу алаңдарын орнатуға 700 дана шезлонгтар мен 280 дана шатыр сатып алынды. Сондай-ақ, Ақши ауылында облыстық бюджет қаражатынан 168,747 мың теңгеге дәрігерлік амбулатория салынды. Дәрігерлік амбулаторияда 17 кабинет, күнделікті 25 адамды қабылдай алады. Бұған қоса, 2017 жылдан бастап Ақши ауылында учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Полиция пункті 2 жұмыс бөлмесінен және тұрғын үйге арналған 4 бөлмеден тұрады. Жалпы ауданы 91,3 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, Ақши ауылында демалушылардың шомылу қауіпсіздігін қадағалау мақсатында Алматы облысы ТЖД өңірлік құтқару қызметінің жасағы құрылған. Онда 13 адам жұмыс істейді.
Туризм саласын жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелердің бірі ол сапалы жолдың болуы. Осы бағытта турист қауымының көлікпен немесе автобус сынды транспорттармен келетінің ескеріп, Талдықорған-Өскемен бағыты бойынша ұзындығы 763 шақырым және Үшарал-Достық жобасы бойынша 184 км жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға шақ қалды.
Бүгінде «Үшарал» жаңа әуежайында: Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан (аптасына төрт рет, «Qazaq Air» әуе компаниясы), Алматы – Үшарал – Алматы (күн сайын, «SCAT» әуе компаниясы), «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» (күн сайын, «Жетісу» әуе компаниясы) жұмыс істеуде. Ал, авиабағыт бойынша рейс саны мен билет құны бір жолаушыға: «Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан» - 16 мың теңге (әуежай қосатын 1700 теңге пайызымен – 17 700 теңгені), «Алматы – Үшарал – Алматы» - 15 мың теңгені, «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» - 8 мың теңгені құрайды. Аталған рейстерді субсидиялауға республикалық және жергілікті бюджеттен 431,2 млн. теңге бөлінген. Әуе бағытынан бөлек, темір жол бағыттары да іске қосылған. «Алматы – Жетіген – Достық» аптасына үш рет, «Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол – Достық» аптасына екі рет, «Нұр-Сұлтан –1 – Достық» аптасына төрт рет .«Алматы – 1 – Достық» аптасына төрт рет қатынаса, автобус бағыты бойынша: «Алматы – Үшарал-Ақши-Көктұма» - күніне 15 автобус қатынайды. Айта кетерлігі, биыл Алакөлге 1 миллонға жуық турист келеді деп күтілуде. Мамандар оларға 5 млрд 269 млн теңгенің қызметі көрсетіледі деп болжауда.
Туристік саланың дамуы тек бір ғана табиғат ортасымен шектелмейді. Өңірдің инфрақұрылымдық салалар бойынша дамыған, мәдени ошағы кең, қонақжайлығы және көз тартатын жәдігерлерімен де ерекшеленеді.
Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы