БҰҰ Қазақстанның халықаралық аренадағы іс-қимылының тынысын ашты

Dalanews 15 мау. 2023 13:35 1385

Осыдан тұп-тура отыз жыл бұрын, 1993 жылы 16 ақпанда Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы кеңсесі ашылды. Бұл оқиғаны оқиғаны еліміздің сыртқы саясатындағы батыл да бірегей қадам ретінде бағалауға әбден болады. Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеннен бері республика оның барлық ірілі-ұсақты іс-шараларына белсене қатысып, оның қолдауымен үлкен халықаралық форумдарды ұйымдастырып келеді.


Біз бәріне танымао бола бастағанда


Осы сәттен бастап, отыз жыл бойы өзінің сыртқы саяси бағытын барлық көршілер мен серіктестерге қатысты көп векторлы, теңгерімді саясатқа қарай дамытқаннан кейін Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық халықаралық проблемаларды шешудегі қызметі мен күш-жігерін белсенді және толық қолдады. Сол себептен де еліміздің халықаралық қатынастардың бел ортасындағы рөлі мен маңызы үнемі артып келеді.

Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы, ЖОО-да халықаралық құқық пәнінің оқытушысы Әнуар Сәтбаев осы онжылдықтарда Қазақстан мен БҰҰ берік және өзара тиімді қарым-қатынас орната алды деп есептейді, бұған біздің елімізде әртүрлі бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын БҰҰ-ның 21 агенттігінің қатысуы дәлел бола алады.

«Осы жерде Қазақстанның 2030 жылға дейін белгіленген тұрақты дамудың таңдалған бағытына бейілділігін ұдайы көрсете отырып, Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру туралы бастама көтергенін еске сала кеткен жөн. Мұндай бастама БҰҰ жұмысын өзгертудің, осы жаһандық ұйымның аймақтық дамуының тамаша үлгісі болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі бола отырып, Қазақстан жетекші халықаралық қорлармен, қаржы агенттіктерімен және осы көпжақты ұйымның бағдарламаларымен толық байланыс орнатуға, ядролық қаруды таратпауға, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, экология салаларындағы ұлттық мүдделерді табысты қорғауға мүмкіндік алды. Әлеуметтік қорғау бағытында, халықаралық ынтымақтастықтың осы салаларында еліміздің жинақталған оң тәжірибесін жеткізуге де жан-жақты жол ашылды», - деп атап өтті Әнуар Сәтбаев.


Оның пайымынша, Қазақстанның Сириядағы соғысты тоқтатуға, санкцияларды алып тастауға көмектесуі біздің сөзсіз табыстарымыз деп санауға болады. Эритреядан БҰҰ-мен ынтымақтастық саласы, Ливанға бітімгершілік күштерін жіберу, Ауғанстандағы миссия және басқа да көптеген жаһандық бастамаларымыз да өзінің жемісті нәтижесін көрсетті.

Сирияға кеңірек тоқталатын болсақ, бұл елдегі қақтығыстың қарқындылығын төмендетуде қазақстандық дипломатияның ең маңызды рөл атқарғанын атап өту керек. Мәселен, біздің дипломаттар Сириядағы жағдайды реттеу үшін Астана процесіне бастамашы болды. Ол осы елдің аумағында қақтығысушы тараптардың соғыс қимылдарынан азат деэскалация аймақтарын құруға бағытталды. Бұл бастаманың сәттілігі Сириядағы азаматтық соғыс тарихында бірінші рет бейбіт келіссөздер кезінде ел билігі де, оларға қарсы шыққан содырлар да бейтарап аумақта аяқталды.

Әрқашан белсенді және алдағыны көре білдік


Осыдан отыз жыл бұрын, Қазақстан егеменді мемлекет ретінде БҰҰ-ға кірген кезде, республиканың осы ең ірі халықаралық құрылыммен стратегиялық ынтымақтастығы басталды, ол осы жылдар бойы табысты және дәйекті түрде дамып келеді. Оған дәлел – БҰҰ алаңында жарияланған еліміздің көптеген сыртқы саяси жаһандық бастамаларын ілгерілетуі. Бұл бастамалар егемен еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық күш-жігеріне елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді.

Солардың ішіндегі ең әйгілісі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру, оның идеясын БҰҰ-ға кірген жылы – 1992 жылы 5 қазанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы біздің тарихымызға сонысымен қатталды. Енді, міне, отыз жылдан кейін АӨСШК Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға арналған ең маңызды диалог алаңы болып табылады, оған қазірдің өзінде 27 мемлекет қатысып жатыр.

Қазақстанды БҰҰ-ның белсенді мүшесі ретінде тағы не айшықтайды?


«Біріншіден, біз әлемнің барлық елдеріне ядролық қарудан бас тарту туралы бастама көтердік, - деп атап өтті сарапшы Әнуар Сәтбаев, - Сонымен қатар біз Азияда сенім шараларын құру тұжырымдамасын әзірлей алдық, оған ақырында үш онға жуық мемлекет қосылды. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің дамуына толық ықпал етті, өркениеттер мен діндер диалогын жасаушылардың бірі болды. Және бұл қадамдардың барлығын мемлекетіміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес жасады».

Әрине, осының аясында біздің республикамыз БҰҰ-да әлемдік мәселелерді шешуде салмақты және сындарлы көзқарас ұстанатын мемлекет ретінде кеңінен танылды. Сонымен қатар, Қазақстанның қарусыздану саласындағы антиядролық бастамалары БҰҰ қызметінде ерекше үлес болып саналады. Ал біздің еліміз ядролық арсеналға иелік етуден өз еркімен бас тартуға және оның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға болатынын көрсетіп, бұл мәселеде айрықша үлгі көрсетті.


Мұның нақты айғағы мынау: бұл БҰҰ-ның арнайы қарарында 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы бірауыздан шешім қабылдауына әкелді. Сондай-ақ бұл жерде қарардың өзі Қазақстан бастамашы болғанын және БҰҰ-ның барлық мүшелерінің қолдауын тапқанын ерекше айта кеткен жөн, бұл да маңызды.

Сонымен қатар, Қазақстан экономика, экология, әлеуметтік даму, адам құқықтарын сақтау, сондай-ақ терроризмге, адам саудасына, ұйымдасқан қылмысқа және есірткіге қарсы күресте БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуда жетекші елдердің біріне айналды.

Қауіпсіз болашақ үшін ерен іс тындырдық


Бүгінгі таңда Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық саласындағы жағдай қалай? Әнуар Сәтбаевтың айтуынша, ол қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы форматында жүзеге асырылуда. Ол үш бағыттағы жұмысты қамтиды – адам өлшемі мен тең қатысу, тиімді институттарды қалыптастыру, адам құқықтары мен гендерлік теңдік, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және инклюзивті экономикалық даму саласы.

Осы ұйымның республикадағы тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимамура БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің ашылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шара барысында атап өткендей, бұл сәт – БҰҰ-ның Қазақстандағы командасы үшін тарихи оқиға.

«Біз Қазақстан үкіметімен және халқымен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басып отырмыз. Мұның соңы ғасырларға созылатын ынтымақтастыққа, бірлікке жалғасатынына кәміл сенемін. Біздің бірігіп атқаратын шаруаларымыз әлі де көп», - деді ол.


Сондай-ақ өкіл соңғы бірнеше жылда Қазақстан үкіметі мен БҰҰ командасы үлкен көлемде бірлескен жұмыс атқарғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдармен және билікпен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен өнімді өзара іс-қимыл жолға қойылған. Ұйым Қазақстанға қолдау көрсетуді мейлінше кеңейте беруге мүдделі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған жеделхатында былай дейді: «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттарды сақтауға және қорғауға тікелей жауаптымыз. Қазақстанның неғұрлым тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның іс-қимылдарына берік ұстанымына сендіруге рұқсат етіңіздер».

Осының өзінің еліміздің халықаралық аренадағы адалдығын, белсенділігін, берік достыққа негізделген ниетін аңғаруға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар