Қазақстанда валюта айырбасы операцияларына қатысты жаңа шектеулер енгізілмек. Осындай өзгерістер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) әзірлеген қаулы жобасында қамтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қолма-қолма ақшасыз валюта айырбасын жасауға лицензиясы бар брокерлерге енді шетел валютасын сатып алуға тыйым салынбақ, тек бір жағдайдан бөлек. Бұл тыйым бағалы қағаздар сатып алу мақсатында шетел валютасын қолдануға әсер етпейді" деп аталған мәселеге Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) баса назар аудартады.
Бұл шара валюта нарығында ақша бағамына және Ұлттық Банктің ақша-несие саясатына қосымша қысым түсіретін валюта нарығындағы спекуляциямен байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында ұсынылып жатқаны да айтылады.
Ал Telegram-дағы Finmentor арнасы жаңа валюталық шектеулер тек брокерлерді қамтитынын, оның банктерге еш қатысы жоқтығын нақтылайды. Сөйткен олар бұл шара банктік лоббизмге көбірек ұқсайды деп топшылайды.
Жаңа шектеулер валютамен жұмыс істеуге лицензиясы бар брокерлер алдына банктермен салыстырғанда тең емес шарттарды алға тартады:
- банктер валютамен байланысты операцияларды ешқандай шектеусіз еркін жүргізеді.
- брокерлерге валютаны тек бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
"Неліктен спекульяциялық тәуекелдері ауыздықтау шарасы брокерлерге ғана қатысты қолданылады, бірақ банктер неге одан тысқары қалады? Түптеп келгенде, осындай операциялардың ең көп көлемін жасайтын және жүйелік тәуекелдерді мойнына жиі алатын банктер емес пе? Негізінде, мұндайда валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер лицензиясы жоқ брокермен тең болып қалмайды ма? Сонда лицензияның не керегі бар?", деп аталған арна авторы Арман Батаев ортаға сауал тастайды.
Оның пікірінше, бұл шарадан туындайтын салдар қазірден айқын:
- валюта нарығы өтімділігінің төмендеуі,
- банктердің пайдасына қарай монополизациялау көлемінің артуы,
- тұтынушылар таңдауының шектелуі.
"Мұндай реттеу шаралары бейтараптық қағидатын бұзады және банк секторының лоббизміне көбірек ұқсайды. Оның валюта нарығында ақша бағамына және Ұлттық Банктің ақша-несие саясатына қосымша түсіретін валюта нарығындағы спекуляциямен байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында ұсынылып жатқаны да айтылады. Бірақ спекульянттар "қорқынышына" қатысты мынаны да айта кеткіміз келеді: спекульянттардың қор нарығында болуы үнемі жаман дегенді білдірмейді. Олардың болуы, керісінше, қосымша өтімділікті, "спрэдтердің" қысқа болуын, әділ бағаның қалыптасуын тудырады. Алыпсатарлар, әрдайым нарықта ақша таба бермейді, олар көбінесе ақша да жоғалтады", - дейді ол.
Бұған дейін доллар қымбаттап, психологиялық шекті игергенін жазғанбыз. Ал сарапшылар теңгенің шамадан тыс әлсіреуі импорттық тауарлардың құнына теріс әсер етуі және инфляциялық процестердің артуына әкеліп соғуы мүмкін екенін болжайды.