– Болатхан Махатұлы, ауыл шаруашылығы саласы ежелден қазаққа жат емес. Әсіресе мал шаруашылығы қазақы тіршілікпен біте қайнасқан сала. Бірақ бүгінде бұл сала ақсап тұр десек те болады. Сіз ауыл шаруашылығын зерттеп жүрген ғалым ретінде бұған қандай себеп айтар едіңіз?
– «Түнекті тілдей бергенше, оған жарық түсіруге тырысқан абзал» деген жапондардың бір жақсы мақалы бар. Яғни, анау жаман, мынау жаман деп түңіле бергеннен гөрі, оны жақсартудың жолын қарастырғанымыз әлдеқайда ұтымды болмақ. Біз қазақ халқы әлемге малды күтіп-бағу мен сұрыптау, асылдандыру технологиясын алып келген ұлтпыз. Тек кейінгі кезеңдерде озық технологияларға бір иығымызды артып отырған жайымыз бар. Дегенмен, ол технологиялардың алынып жатқан өнімнің сапасына қалай әсер ететінін ескере бермейміз. Мысалы, 10 000 л сүт беретін сиырдың сүтінің нәрлілігі қарапайым 3000 л сүт беретін сиырдың сүтінен әлдеқайда төмен, құнары аз. Біз әңгімені Қазақстан әлем тұтынушыларына қандай өнім бере алатынынан бастауымыз керек. Ет пен сүтті көлемдеп алуға болады, бірақ оның нәрлілігі, адам ағзасына берер пайдасы, күш-қуаты туралы әңгіме мүлдем бөлек. Мал шаруашылығы – салыстырмалы дүние. Мәселен, Кеңес Одағы кезі мен кейінгі жиырма жылды салыстырсаңыз, Қазақстандағы мал басының өсуі байқалады. Біз 1991 жылы бір формациядан келесі бір формацияға өттік. Социалистік жүйенің орнын капиталистік құрылым басты. Сол себепті колхоз, совхоздардағы мал басын төмендетіп алып, қазір қайта қалпына келтіріп жатырмыз.
– Өз кезінде қазақтың ақбас тұқымы, қаракөл қойы, арқар-меринос қойы, еділбай қойы, дегерес тұқымы, жабы жылқысы секілді т.б. қазақтың атын шығарған асыл тұқымдар болды. Бүгінде солардың жағдайы қалай? Үкімет қаншалықты деңгейде көңіл бөліп отыр? Басқа қандай тұқымдарымыз бар?
– Әрине, аталған тұқымдардың бәрі бүгінде бар. Олар өзінің келесі деңгейіне жетті. Қазақтың ақбас тұқымы елуінші жылдары етті бағыттағы сиыр тұқымы болып қабылданған. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағындағы алғашқы етті бағыттағы бірден-бір тұқым болды. 2011 жылдары әулиекөл тұқымы шығарылды. Ол малдардың ең бір керемет қасиеті – жергілікті жерге өте жақсы бейімделген. Қазір Солтүстік және Батыс Қазақстанда өсіріледі. Өкініштісі, әлі кең көлемде дамып кете алмай жатыр. Енді ғана қалпына келтіріп, өзінің қажетті өнімін беретін жағдайға жеткіздік. Қазіргі күнде бас саны көбейіп келеді. Аталған тұқымды сақтап қалу, санын өсіру мақсатында ДСҰ-ға кіргенге дейін мемлекет тарапынан белсенді көмек көрсетіліп келді. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтаған жоқ. Тіптен осылардың басын құрайтын қоғам құрылды.
Қазақ даласы – алғашқы жылқының қолға үйретілген жері. Бұрындары жылқының алғаш қолға үйретілген жері Моңғолия мен Орта Азия деп қаралып, небәрі 2000 жыл болған деп саналатын. Ботай өркениеті ашылғаннан кейін сол жерден табылған жылқы қаңқаларына негізделіп, біздің жылқы өсіру тарихымыз 4000 жылды құрайтынын дәлелдедік.
[caption id="attachment_12923" align="alignleft" width="420"] Еділбай қойы[/caption]
Етті бағыттағы еділбай қойы мен дегерес қойы да өсіріліп жатыр. Ал қаракөл қойы елтірісін алу үшін өсірілген. Қозыларын үш күнге жетпей сойып алады. Бұл тұқымның басты талабы ыстық жерде жақсы өседі. Қазақстан мақта өсіруде солтүстік аймақ саналады. Күн қаншалықты ыстық болса мақтаның құнары артып, сапасы жоғарылайды. Ал салқын болған сайын оның сапасы төмендейді. Сол секілді қаракөл қойының да сапасы ыстықпен байланысты. Бізге оңтүстіктің ыстығында өсіруге болады, бірақ Түркіменстан мен Өзбекстанда өсірілгендерге қарағанда сапасы төмендеу. Дегенмен ең алғашқы болып қазақ ғалымдары әртүрлі түстегі елтірі алудың жолын тапты. Сұранысқа қарай ғылыми жолмен кез келген түстегі төл тудырып бере алады. Патенттеп те қойған. Кеңес дәуірі кезінде елімізде арқар-меринос қойы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың биязы жүнді қойы, солтүстік мериносы деген Қазақстанның әр өңіріне бейімделген биязы жүнді қойдың төрт түрі болған. Өкінішке орай қазір олардың саны азайып кетті. Себебі, биязы жүнге сұраныс азайғаннан кейін шаруа қожалықтарына оларды өсіру тиімсіз болып қалды. Оның үстіне күтімді де көп қажет етеді. Сондықтан бүгінде етті бағыттағы мал тұқымы 70% құрайды.
Қазақ даласы – алғашқы жылқының қолға үйретілген жері. Бұрындары жылқының алғаш қолға үйретілген жері Моңғолия мен Орта Азия деп қаралып, небәрі 2000 жыл болған деп саналатын. Ботай өркениеті ашылғаннан кейін сол жерден табылған жылқы қаңқаларына негізделіп, біздің жылқы өсіру тарихымыз 4000 жылды құрайтынын дәлелдедік. Тағы бір айта кетерлік жайт, сол жерден табылған тостағаннан қымыздың қалдығы шыққан. Бұл дегенің бізде қолымызда 4000 жыл бұрын технология болғанын көрсетеді. Яғни, жылқыны мініп қана қоймай, оның сүтін де өңдей алған. Демек, біз жылқының қыр-сырын толық меңгерген ұлтпыз. Біз Кеңес кезінде ет пен сүт беретін бағыттағы жылқыларды өсірдік те, спорттық бағытқа көңіл аудармадық. Бізге бұл саланы жақындатқан да жоқ. Батыс Қазақстанда ең алғаш рет сүтті бағыттағы күшім жылқысы өсірілген болатын. Одан кейін жабының бірнеше түрін біріктіріп мұғалжар жылқысы шығарылды. Бұдан бөлек өзінің өсіп отырған ортасына жақсы бейімделген адай жылқысы қалыптасып келеді. Мұның ерекшелігі мініске төзімді әрі жүйрік жылқы. Алыс қашықтыққа шапқанда оған тең келетін бірде-бір жылқы жоқ. 150 шақырым ол үшін түк емес. Қазақ жылқылары біздің алтынмен бағаланатын ұлттық брендіміз болып отыр. Еуропаның асыл тұқымды жылқыларының қаны бұрынғы жабайы тегінен өте алшақ кетіп қалған. Ал жабайы тегіне ең жақын тұрған біздің қазақтың жылқылары екен.
Мысалы, 10 000 л сүт беретін сиырдың сүтінің нәрлілігі қарапайым 3000 л сүт беретін сиырдың сүтінен әлдеқайда төмен, құнары аз. Біз әңгімені Қазақстан әлем тұтынушыларына қандай өнім бере алатынынан бастауымыз керек. Ет пен сүтті көлемдеп алуға болады, бірақ оның нәрлілігі, адам ағзасына берер пайдасы, күш-қуаты туралы әңгіме мүлдем бөлек.
– Бүгінде шетелден асыл тұқымды мал сатып алуға құмармыз. Бірақ келгеннен кейін жергілікті жерге бейімделе алмай жатады. Қаншама қаржы шығындап оларды сатып алғанша, неге өзімізде барды ұқсатып алмаймыз? Тіпті сатып алуға тура келген жағдайда оларды жан-жақты зерттеп, әбден сынақтан өткізіп барып әкелсек, қыруар шығынның алдын алар едік қой...
– Ең бірінші малдан өнім алып, пайдасын көру үшін оның жерсінуі керек. Жерсінбеген малдан ешқандай пайда келмейді. Шетелден асыл тұқымды малды мүлдем сатып алмау керек деген де келте түсінік. Бірақ бұл мемлекеттің саясаты болмау керек. Мемлекеттің басты саясаты – өнім өндіру. Біз мемлекетке мынандай ұсыныс жасадық. Жалпы шетелден мал алып келу болсын, оның ұрығы мен эмбрионын алып келу болсын ол тек тауар өндірушінің құзырында болуы керек. Мемлекет тауар өндірушіге: «Біз сенен биыл пәленбай тонна (ет, сүт, астық) өнім сатып аламыз», – деген сияқты тапсырма беруі керек. Тауар өндіруші тапсырманы орындау үшін міндетті түрде асыл тұқымды малдарға жүгінетін болады. Ал сіз жақсы өнім алуыңыз үшін малды АҚШ-тан аласыз ба, Қытайдан аласыз ба, маңызды емес. Бастысы, жақсы өнім алып, пайда табу. Шетелден асыл тұқымды малдың басын әкелу міндетті емес. Оның ұрығы мен эмбрионын әкелсеңіз де жеткілікті. Біріншіден, тасымалдауға жеңіл, екіншіден, алынған төл жергілікті жерге бейімделіп туады. Сіз ұрықты сатып алу арқылы 1-2 жүз долларға шығындаласыз, ал 4-5 мың долларға ірі-қара мал әкелсеңіз оның шығыны да көп, қаупі де жоғары. Осылай да малды асылдандыруға болады. Біз малдың басын әкелеміз деп жерсіндіре алмай жатамыз. Жерсінбеген соң өз жерінде берген өнімін де бере алмай жатады. Біз мал басын төмендетіп алуымыз себепті ішкі сұранысты қанағаттандыра алмай келеміз. Шетелдік селекцияда көп алға кетіп қалды. Сондықтан біздің олардан үйренеріміз әлі көп.
Әрине, Қазақстанда соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған лаборатория бар. Алматы қаласында орналасқан. Ең үлкен қауіп гендік өңделген организмдер (ГМО) деп аталатын өнімдерде. Оларды табиғи өнімнен айыру үшін тереңірек зерттеу керек. Сол себепті оны зерттеудің шығыны да көп болады. Қарапайым халыққа ГӨО-дан сақтану қиындау мәселе. Оның ең үлкен қауіпті жері – құрамында «қара белок» деп аталатын зат бар. Ол ағзаға түскеннен кейін қай жерге барып құрылатынын ешкім тап басып айта алмайды. Ол дененің кез келген бөлігіне, тіптен миға барып орналасуы мүмкін.
– Шетелден сатып алынып жатқан асыл тұқымды мал аталықтарының және өзіңіз айтқандай ұрығы мен эмбриондарының сапасына көңіліңіз тола ма? Олар бізге ойдағыдай сорттарын бере ме, әлде өздерінде сұрыптаудан өтпей қалған сорттарын жібере ме?
– Әлемде ешқандай ел, ешқандай мемлекет, ешқандай шаруашылық өзіне бәсекелес тудыруды қаламайды. Демек, ешқашан бізге ең жақсы деген өнімдерін бермейді. Егер беретін болса, коммерциялық бағыттағы селекцияларын ғана береді. Оның келесі ұрпағы бастапқы тұқымға сай шыға ма, шықпай ма, ол – үлкен сұрақ. Қазір ұрықтарды тауарға айналдырған компаниялар бар. Олар ұрықты сізге сатқанда міндетті түрде кепілдеме береді. Яғни, сізге сатылған ұрық мынандай жағдай жасалса, мынадай өнім береді деген секілді. Капиталистік елдердің бір жақсы жері айтқанын орындайды. Өйткені, айтқанын орындамаса, тұтынушысын жоғалтады, сенімнен айырылады.
– Көптеген азық-түліктерді химиялық жолмен қолдан өндіріп жатқаны белгілі. Оны интернеттен күнделікті көріп жүрміз. Осындай жолмен өндірілген азық-түлік өнімдерін халық пайдаланып жатқан жоқ па? Шетелден келген ет өнімдерін бақылап отырған тәуелсіз сарапшылар мен соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған лабораториялар жұмыс істей ме?
– Бұл қиялдан шыққан әңгіме емес, расында бар дүние. Алдымен химиялық құрамын анықтап алады да, сосын өндіре береді. Бірақ өнімнің табиғи немесе химиялық жолмен алынғаны міндетті түрде тұтынушыға айтылуы керек. Егер ескертілмесе заңмен қудаланатын болады. Әрине, Қазақстанда соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған лаборатория бар. Алматы қаласында орналасқан. Ең үлкен қауіп гендік өңделген организмдер (ГМО) деп аталатын өнімдерде. Оларды табиғи өнімнен айыру үшін тереңірек зерттеу керек. Сол себепті оны зерттеудің шығыны да көп болады. Қарапайым халыққа ГӨО-дан сақтану қиындау мәселе. Оның ең үлкен қауіпті жері – құрамында «қара белок» деп аталатын зат бар. Ол ағзаға түскеннен кейін қай жерге барып құрылатынын ешкім тап басып айта алмайды. Ол дененің кез келген бөлігіне, тіптен миға барып орналасуы мүмкін. Оның үстіне басқа жасушалармен әрекеттесіп, ағзаға сіңіріліп те кетпейді. Сіздің геніңіздегі кез келген амин қышқылының біреуіне барып кірігіп, болмысыңызды өзгеріске ұшыратуы әбден мүмкін. Сізге әсер етпесе де, келесі бір ұрпағыңыздан шығатыны анық. Қазақстан өз халқын табиғи таза өнімдермен қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді. Ал сапалы өнімдердің өзіндік құны жоғары болатыны түсінікті. Алдағы күндерде тауар өндірушілерді өнімнің қандай жолмен алынғаны туралы толық ақпаратты ұсынуға мәжбүрлейтін заң қабылданбақ. Яғни, қандай өнімді пайдалану тұтынушының өз еркінде болмақ.
– Малды бордақылаудың ғылыми бағыттағы технологиясын қарапайым халық қаншалықты деңгейде меңгерген? Сіздердің тараптарыңыздан қаншалықты көмек көрсетіліп жатыр?
– Етті бағыттағы малдардың өнімділігін арттырудың екі жолы бар. Бірі – жайып семірту, екіншісі – қолда бордақылау. Көптеген шаруалар екінші жолды таңдап жатады. Дегенмен, екеуінің еттерінің сапасы мен құнары әртүрлі. Қолдан бордақылаудың шығыны да көп. Әр нәрсенің биологиялық пісетін, өсіп-жетілетін уақыты болады. Ал біз оны жеделдету үшін бордақылаудың озық технологияларына жүгінеміз. Яғни, биологиялық қоспаларды пайдаланамыз. Оның ішінде адам ағзасына зиянсыз гормондар, витаминдер, т.б. Біз үшжылдық зерттеу нәтижесінде малды бордақылаудың жаңа технологиясын ойлап таптық. Рұқсат етілген препараттар арқылы малдың миына әсер етіп, оның тою сезімін тежейміз. Тойғанын білмеген малдың жем-шөпті көп жейтіні белгілі. Ал артық желінген азық оның денесіне ет пен май болып бітіп, салмағы артады, өнімі жоғарылайды. Қазір «Өтес БиоАзия»-мен бірігіп, аталған жобаны іске асырудамыз.
– Сіз басқарып отырған кафедраның қандай жетістіктері бар? Сіздің кафедраңыздың бастамасымен қандай ғылыми жобалар іске асырылып жатыр?
– Біздің ҚазҰАУ-дың 85 жылдық тарихы бар. Университетіміз – тек маман даярлауда ғана емес, ұлттық интеллигенцияны қалыптастыруда да өз орны бар оқу орны. Кезінде бұл оқу орнында әдебиет саласының майталманы М.О. Әуезов қызмет еткен. Ал біздің кафедра ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы саласында білікті мамандар даярлап келеді. Қазіргі күнде Болон талабына сай үш деңгейде білім береміз. Яғни, бакалаврият, магистратура, сосын PhD доктарантура. Соңғы бес жылда біздің салада білім алғысы келетін жастардың саны артып келеді. Кезінде мал басын азайтып алсақ та, соңғы кездері халықтың қорасы малға тола бастады. Бұл дегеніңіз – мал шаруашылығы мамандарына сұраныс артады деген сөз. Басқа салаға қарағанда біз шаруа қожалықтарымен келісімшарт негізінде тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Бізбен жұмыс жасайтын «Байсерке Агро», «Өтес Био Азия» секілді шаруа қожалықтары бар. «Өтес Био Азия»-ның президенті Нұрланов Дүйсенбек Нұрланұлы біздің кафедраның ұстаздары мен шәкірттеріне үлкен көмек көрсетіп келеді. Олар озық технологиялармен жарақтанған. Ал біз оларға сол технологияның тілін білетін мамандар даярлап береміз. Біздегі студенттер сол жерде практикадан өтеді. Одан бөлек ет өнімдерін өңдейтін «Жеңіс» зауытымен де келісімшартқа отырғанбыз. Аталған мекемелермен ақылдаса отырып оқу бағдарламаларын әзірлейміз. Олар бізге ұсыныстарын беріп отырады. Біздің кафедра осы жылы 60 миллион теңгенің ғылыми жобаларын іске асыруға атсалысты. Мәселен, дегерес қойы мен сарыарқа қойын жетілдіру, етті-сүтті бағыттағы ірі-қара малдардың селекциясын жүргізу, азықтандыру мен күтіп-бағу технологиясы, т.б. Ал өзім «Эндокриндік жүйенің бұзылуының механизмін қолдан басқарудың моделін жасау» деген тақырыптағы ғылыми жобаны іске асырып жатырмын. Осы тақырып аясында 4 магистрантымыз жұмыс жасап жатыр. Біздің кафедрада ұлттық академияның корреспондент-мүшесі Садықұлов Төлеухан деген ақсақалымыз бар. Ол кісі дегерес қойын жетілдірумен айналысады. Осы кісінің шәкірті профессор Әділханова Шолпан, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бегімбеков Қырғызбай, балық шаруашылығы саласында ғылыми жұмыстарды жүргізіп жүрген профессор Нұрғазы Қуат Шайполлаұлы деген ғалымдарымыз бар. Барлығы Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы үшін сүбелі үлес қосып келеді.
– Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Нұрсерік Тілеуқабыл