«Қиын сәттердің бірі»: Зеленский Украина халқына арналған 10 минуттық үндеу жазды

Асель Қайратқызы 22 қар. 2025 12:29

Владимир Зеленский Украина халқына арналған 10 минуттық үндеу жазып, АҚШ ұсынған соғысты аяқтау жөніндегі бейбіт жоспары жөнінде пікір білдірді. Ол елдің ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Владимир Зеленскийдің Украина халқына арналған 10 минуттық үндеуі ел президентінің барлық әлеуметтік желілерінде жарияланды. Зеленский украин тілінде сөйлеген. БАҚ-та Зеленский айтқан сөздерінің орысша аудармасы пайда болды.  Зеленский Украина үшін келесі аптаның «қиын болатынын» айтты.

«Қазір Украина өте қиын таңдау алдында болуы мүмкін: немесе абыройдан айырылу, немесе негізгі серіктесінен айырылу қаупі, немесе 28 күрделі тармақ, немесе аса ауыр қыс, ең қиын қыс және одан кейінгі тәуекелдер», – деп атап өтті Зеленский.

Ол сондай-ақ Украина дауыстап мәлімдемелер жасамайтынын, керісінше «АҚШ пен барлық серіктестермен тыныш жұмысын жалғастыра беретінін» хабарлады.

«Мен жоспардағы барлық тармақтардың ішінде ең болмағанда екі тармақтың өткізіп жіберілмеуі үшін күресемін. Бұл – украиндардың абыройы мен бостандығы, өйткені барлығы осыған негізделеді. Біздің тәуелсіздігіміз, егемендігіміз, жеріміз, халқымыз және украин болашағы», – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар