Қазақстандағы қарттар үйлерінде 3 547 адам тұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің парламенттік сауалға берген жауабына сәйкес, елімізде бүгінде 45 мемлекеттік қарттар үйі жұмыс істейді. Онда 3 547 адам тұрады: олардың 2 058-і - ер адам, 1 489-ы - әйел.
Стационарлық мекемелерден бөлек, үйде әлеуметтік көмек көрсету жүйесі де бар. Ел бойынша 134 бөлімше жұмыс істейді, олар шамамен 28 мың жалғызбасты қартқа қызмет көрсетеді.
Қарттардың белсенді өмір сүруін қолдау үшін 127 Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылған: 64-і қалада, 63-і ауылда. 2025 жылдың алғашқы алты айында бұл орталықтар 650 мыңға жуық қызмет көрсетіп, 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырған.
