Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ өршіп, гонконг тұмауының 25 жағдайы анықталды

Асель Қайратқызы 22 қар. 2025 10:00

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-ге шалдығушылар көбейіп, Гонконг тұмауының 25 жағдайы расталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Евгений Пивоваров хабарлады.

«Облыста ЖРВИ-дің 63 035 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 38 673 жағдай. 2024–2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда аурушаңдық 15,9 пайызға артты. Зертханалық түрде расталған тұмаудың 25 жағдайы анықталды, олардың барлығында A/H3N2 вирусы штамы анықталды, соның ішінде 10 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді», — деді ол.

Оның айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және вакцина салдырғандар арасында гонконг тұмауына шалдығу жағдайлары тіркелмеген. Тұмау ауруын белсенді анықтау маусымдық вирус таралуымен, ауа-тамшылы жолымен жұғуымен, адамдардың көп шоғырлануымен және иммундық жүйенің жеткіліксіз тиімділігімен байланысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар