Сахнада диплом тапсыру рәсімінде құжатты жыртып тастаған колледж студенті кешірім сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде қызу талқыланған жайттан кейін ICB колледжі студенттің атынан мәлімдеме жариялады.
"Әлеуметтік желілерде тараған диплом тапсыру рәсіміндегі бейнежазбаға байланысты колледж ұжымынан, оқытушылардан, Білім басқармасынан және барша жұртшылықтан шын жүректен кешірім сұраймын. Ресми дипломға ешқандай зиян келтірілген жоқ. Көрініс үшін алдын ала дайындалған дипломның көшірмесі пайдаланылды. Менің әрекетімде ешқандай жаман ниет немесе колледжге және оның құндылықтарына құрметсіздік көрсету мақсаты болған жоқ. Болған жағдайға шын жүректен өкінемін және мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде беремін", - дейді студент видеода.
Еске салайық, даулы оқиға Алматыда болған еді. Әлеуметтік желіде диплом тапсыру рәсіміндегі видео кең тарап кетті. Кадрда студент сахнада дипломды алғаннан кейін оны жұрттың көзінше жыртып тастағаны көрінеді.